Басты бетҚоғамӘлеумет

Таразда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы туралы

«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 6 айында атқарылған жұмысы туралы

 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы

          Тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға арнайы кезекте 2005 – 2020 жылдар аралығында 73048 азамат тіркелген. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу қарастырылған.

         Осы  «Нұрлы жер» бағдарламасының талаптарына сәйкес, тұрғын үйдін 1 ш.м. 120 000 теңгеден аспауы қажет.

 Бағдарламаны іске асыру мақсатында Сабалақов көшесінің соңынан 255 тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін жер телімі Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне беріліп, төрт құрылыс компаниялары, яғни «Сырым Блеке» ЖШС-і – 50, «КСС Construction» ЖШС-і – 5, «Ремстрой-СС» ЖШС-і – 150 және «Дәмдес» ЖШС-і – 50 тұрғын үйлер құрылыстарын жүргізуде.

        Қазіргі таңда, аталған алқапта «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасымен алған 15 отбасы тұрады.

Мемлекет мұқтажына жер учаскелерін қайтару

Тараз қаласы, «Құмшағал-Шалғай Қарасу» 369 га аумағындағы тұрғын алқабын орналастыру мақсатында 8 шаруа қожалығын жүргізу үшін арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару үшін Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы және 2020 жылғы 13 ақпандағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №99 және №421 қаулылары қабылданған.

Тәуелсіз бағалаушы «Бағалау және сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жүргізілген 8 шаруа қожалығын жүргізу үшін арналған 154,848 га жер учаскелеріне бағалау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда, ұсынылған соммаға келісімдерін берген 3 шаруа қожалығын жүргізуге арналған, жалпы көлемі 93,723 га жер телімдерінің иелерімен мемлекетке қайтару туралы келісім-сөздер жүргізіліп, қаражаттары аударылды.

Қалған жер пайдаланушылармен келісім-сөздер жүргізілуде.

         Сонымен қатар, «Құмшағал-Шалғай Қарасу» алқабына көлемі 369,0 га жер телімдеріне бюджет есебінен су, электр желісі және жол құрылысына мемлекеттен қаражат бөлініп жұмыс басталды.

Жер нарығын қалыптастыру және қаржы игерілуі мен түсімі  бойынша

Жергілікті бюджетке жерді жеке меншікке сату және  жер телімін жалға жер пайдалану құқығын беру –  303101 коды бойынша жылдық жоспар 346,0 млн.теңге, орындалғаны – 161,7 млн.теңге, 303202  коды бойынша жылдық жоспар 59,9 млн.теңге, орындалғаны – 38,1 млн.теңге.

Жер қатынастары саласында қабылданған қаулылар, Тараз қаласы бойынша жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссия жұмысы

Есеп беру кезеңіне жер қатынастары саласы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің тарапынан 1390 қаулы қабылданған және 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында 19 жер комиссиясының отырысы өткізілді және барлығы 1889 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды, оң қорытындысы  1519 өтінішке берілді, теріс шешім  259 өтінішке берілген.

Жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және арыз-өтініштерді қарау

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 2378 құрады, оның iшiнде 950 өтініштер  халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген және 1428 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

Жыл басынан бастап жер мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардан «Айқын» жүйесіне 2685 өтініштер тіркелген, оның ішінде 1718 қаралып, мерзімдеріне сәйкес жауап берілген.

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Біржан Башанов.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close