Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 612 тұрғын үйге ыстық су берілді

Бүгін Тараз қаласындағы барлық 612 тұрғын үйге ыстық су берілді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

1 шілдеден бастап жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қалада ыстық су беру уақытша тоқтатылған. Алайда, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көп адам карантинге байланысты үйде отырғандықтан, олардың денсаулықтарын қатерге тікпеу керектігін еске салып, жауапты мекемелерге ыстық сумен қамту мәселесін шұғыл шешуді тапсырған болатын.

Облыс басшысының бұл тапсырмасы назарға алынып, оны жүзеге асыру бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Қала тұрғындарына ыстық су беру мақсатында жөндеу жұмыстарына тартылған арнайы техника мен адам күші ұлғайтылып, жұмысшылар 3 ауысымда еңбек етті.

Осылайша, Тараз қаласы әкімдігінің қатаң бақылауында болған жылу желілері айналасындағы жұмыстардың жоспарға сәйкес 2 айлық мерзімі екі есе қысқартылды. Қабылданған шаралардың арқасында бүгін, 1 тамызда қаладағы барлық 612 тұрғын үйге ыстық су берілді.

Кей көшелерде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар мекенжай бойынша ыстық су мәселесі алдағы күндері шешіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close