Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Жамбыл аудандық ауруханасы сақадай сай

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің Жамбыл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау саласын да назардан тыс қалдырған жоқ. Аудандық ауруханаға арнайы ат басын бұрып, ақ халатты абзал жандармен жүздесті, – деп хабарлайды Ақпарақ ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

 – Тегін дәрі-дәрмектер жеткілікті. Індетке байланысты дәрілер де қорымызда бар. Нақты айтқанда қордағы дәрі қазір екі аптаға жетеді. Карантинге байланысты аудан бойынша 14 мобилдік топ жұмыс жасайды. Оған қажетті көлікті аудан әкімшілігі бөліп отыр. Науқастар үй жағдайында да ем алуда. Егер науқаста індеттің белгілері байқалса 60 орындық провизорлық бөлімге жатқызылады. Ал егер симптом анықталса қалаға жеткізіледі. Нақты уақытта 87 дәрігер жұмыс жасайды. Бірақ дәрігерлер жетіспеушілігі бар. Дегенмен  қажеттілікті жас мамандармен толықтырып жатырмыз, – дейді ауданның бас дәрігері Алтай Саурықов.

Мәселен жас маман Ержан Төребеков ауданның тумасы екен. Қазіргі таңда ол аудандық емханада оташы дәрігер болып еңбек етуде. Түркістандағы А.Яссауи атындағы университетті хирургия мамандығы бойынша аяқтаған бойда осында жұмысқа тұрған. Мемлекет тарапынан көтерме  жәрдемақы алып, үй алған. Ал Астана медициналық университетінің түлегі Жандос Омарбайұлы осымен екінші жыл аудандық емханада терапевт дәрігер болып жұмыс жасап жүр. Ол да мемлекеттің мүмкіндігін тиімді пайдалануда. Жас маманның қазіргі жалақысы 200 мың теңге көлемінде. Сол секілді Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ ұттық медицина университетінде білім алған ауданның тумалары да осы емханада еңбек етуде. Соған қарамастан ауданда әлі де окулист, лор дәрігер, невропотолог, ренгенолог мамандары жетіспейді екен. Сондықтан облыс басшысы жас мамандарды ауданға көбірек тартуды тапсырды.

Аудандық емханада қазір 2 цифлық рентген аппараты және жүрек аппараттары  бар екен. Бірақ компьютерлік томография жоқ. Бердібек Машбекұлы сол бағытта жұмысты күшейтуді  айрықша атап өтті.

 Ал аудандық аурухананың провизорлық бөлімінде  28 науқас емделіп жатыр екен. Жансақтау бөлімінде жатқан бір науқастың жағдайы да бірқалыпты. Бір жеті бұрын 60-тан аса адам провизорлық  бөлімде, ал жан сақтау бөлімінде 4 адам өмір үшін күресіпті. Көңілге медет болатыны, ауданда соңғы екі аптада адам шығына болмаған. Сонымен қатар ауруханада 3 өкпені жасанды желдеткіш аппараты бар екен. Облыс әкімі жансақтау бөлімінде  қанша төсек болса, сонша ӨЖЖ аппараты болуы қажет деп тапсырды.  

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close