Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында құрылыс қарқынды

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін бұл ауылда мәдениет үйі болмаған. Сондықтан бұл халықтың көптен күткен қуанышы десек те болады.

Мердігері «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Көңілге қуаныш ұялатқан сол ауылдың жастары деп айтсақ артық болмас. Қаракемерде жастар арасында күрес, футбол жақсы дамып келе жатыр екен. Олардың арасында алды Азияға шыққан, үш жыл қатарынан ел чемпионы атанған жастар бар екен. Нақты уақытта отыз жас тұрақты түрде футболмен шұғылданады екен. Олар жазда ауыл сыртындағы футбол алаңшасында, қыста мектептің спорт залында жаттығады. Аладоп әңгіме болғанда Бекжан Мырзатай секілді мақтаныштарын да ауылдастары жасырмай жарыса айтты. Мини футболдан да жастар арасында республиканың екі дүркін жеңімпазы атаныпты. 2003-2005 жылғы жасөспірімдер Францияға да жолдама алыпты. Облыс әкімі осы ауылдан арнайы жабық спорт кешенін саламыз деп талантты жастардың төбесін көкке жеткізді. Ауыл ақсақалдары да облыс әкімінің арнайы келіп, ауылдың жайын білгеніне алғыстарын жеткізді.

Өзінің жұмыс сапары барысында Бердібек Машбекұлы Тастөбе ауылының ауылішілік газ құбыры желілерінің құырылысымен де жіті танысты. «Газ-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс монтаждау бөлімінің басшысы Ерлан Қасқарбаев биыл ауылдың ішіндегі жұмысты толық бітіреміз деп отыр.

 Ал осы Тастөбе мен жоғарыда аталған Қаракемер де Көлқайнар ауылдық округіне қарасты. Көлқайнардың өзінде де көңіл қуантарлық істің бірі 100 орындық орта мектептің құрылысы. Мердігері – «ТаразҚәұрылысИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.  Жыл аяғында бүлдіршіндердің игілігіне беріледі деп күтілуде. Облыс әкімі күн суып кетпей жұмысты ертерек аяқтауды, білім нысанының қасбетіне ерекше мән беруді, сондай-ақ абаттандыру жұмыстарын да назадан шығармауды тапсырды.

 Өңір басшысы аудандағы басты мәселенің бірі баспананың жайын  да біліп қайтты.  Бұл ретте жаңадан қазығы қағылып, іргесі тіктелген Аса ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты.   «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатқан жұмыс жыл аяғында толығымен аяқталады деп күтілуде.  

Осылайша облыс әкімі аудан әлеуетін көтеру үшін атқарылып жатқан жұмыстарды  зерделеп, жан жақты тапсымалар берді. 

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close