Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда азық-түлік бағасын қымбаттатқан дүкендер анықталды

Жуырда әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының бағасына мониторинг жасау мақсатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытай мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Нұржаубаев қаладағы сауда нысандарын аралады. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында белгілі болғандай, «Дәмді себет» дүкендеріндегі кейбір азық-түлік бағасы қаладағы басқа сауда орындарындағы орташа бағамен салыстырғанда қымбат болып отыр. Мысалы, тауық жұмыртқасы 385 теңге (қала бойынша орта баға – 269 теңге), күріш 272 теңге (252 теңге), картоп 179 теңге (124 теңге) қырыққабат – 135 теңге (119 теңге).

Сонымен қатар, «Гаухар» сауда орнында қаптамадағы 2,5% айран 300 теңге (253 теңге), картоп 165 теңге (124 теңге), пияз 100 теңге (84 теңге), сәбіз 150 теңге (117 теңге) көлемінде белгіленген. ⠀⠀Зерделеу жұмысы барысында аталған сауда орындарының басшыларымен кездесіп, «Дәмді себет» дүкендерінде көкөніс пен күріш бағасы бойынша жергілікті тауар өндірушілермен келісім жүргізілгені және шекті баға мәніне келтіретіні анықталды. «Гаухар» сауда орны басшылары қаптамадағы 2,5% айран бағасын 250 теңгеге арзандатып, жоғарыда аталған көкөністер үшін әлеуметтік сауда бұрышын ашатын болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close