Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда бірқатар дүкендер азық-түлік бағасын қымбаттатқан

Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасына мониторинг жасау мақсатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытай және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сәкен Нұржаубаев «Дәмдес», «SMART» және «Нұрислам» сауда нысандарын аралады.

Белгілі болғандай, қаладағы барлық сауда нысандарындағы орташа бағамен салыстырғанда «Дәмдес» дүкенінде бірқатар азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Мысалы, 2,5% сүт бағасы қала бойынша 220 теңге болса, «Дәмдесте» 325 теңге тұрған.Сол сияқты, қаптамадағы 2,5% айран – 395 теңге (244 теңге), өсімдік майы – 465 теңге (401 теңге), макарон – 260 теңге (233 теңге). Дәл осындай жағдай «SMART» дүкенінде де қайталанған. Мұнда тауық еті 1124 теңге тұрса, қала бойынша ақ еттің орташа бағасы 830 теңге көлемінде. Сол сияқты, макарон -265 теңге (233 теңге), І санаттағы жұмыртқа – 10 данасы үшін 320 теңге (281 теңге), майлылығы 72,5% сары майдың 1 кг – 3120 теңге (1992 теңге).⠀Сондай-ақ, осы дүкенде көкөніс бағасы аспандап кеткені анықталды. Мысалы, орамжапырақ – 150 тг (нарықта 100 тг), пияз – 100 тг (80 тг), сәбіз – 150 тг (100 тг), картоп – 180 тг (140 тг). ⠀⠀«Нұрислам» дүкеніндегі тексеру кезінде мұнда тек қарақұмық бағасы салыстырмалы түрде қымбаттағаны белгілі болды. Қала бойынша орташа бағасы 336 теңге тұратын қарақұмық аталған сауда орнында 415 теңгеге сатылған.

Осы тексеру қорытындысы бойынша көрсетілген сауда орындарының иелерімен бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. ⠀⠀

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close