Басты бетЭкономикаҚоғамӘлеумет

Тараз қаласында «Агробизнес -2020» бағдарламасының іске асырылуы туралы

Тараз қаласы бойынша бүгінгі күнге 62 шаруа қожалығы тиімді жұмыс атқаруда. Тіркелген шаруа қожалықтары өсімдік шаруашылығымен айналысады. Игеріліп жатқан егістік жер көлемі 458 га жерді құрайды.

2020 жылға Тараз қаласы бойынша 20 га жерге арпа, 25 га жерге бидай, 171 га жерге көкөніс, 25 га жерге қант қызылшасы, 3 га жерге картоп, 214 га жерге мал азығы дақылдары егілді. Қазіргі таңда өнім жинау жұмыстары жүргізілуде.           

          Жалпы тіркелген шаруашылықтардың меншігінде 13 техника бар: «Енисей» комбайны-1 бірлік, МТЗ-80 тракторы – 5 бірлік, МТЗ-82 тракторы -3 бірлік, ДТ-75 тракторы-1бірлік, Беларусь-1220-3 тракторы – 1 бірлік, ГАЗ -52 автокөлігі – 1 бірлік, ЮМЗ-1 бірлік, және жер жырту соқасы, жер қопсытқыштар, шөп шапқыштар, тырмалар, шөп орғыштар, дән сепкіштер, картоп қазғыш тіркемелері бар. Аталмыш техникалар толығымен жұмысқа жарамды.

Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін және өнімділігін арттыру мақсатында «Рамазан» ШҚ-ы 1,07 га жерге жылыжай салу үшін өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге және Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы (ӘКК) арқылы 30 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек ала отырып, тамшылатып суару технологиясын енгізген. «Рамазан» ШҚ-ы аптасына 2,5-3 тонна қызанақ және тәулігіне 800-900 кг қияр өнімін алып, қала дүкендерін қияр және қызанақпен қамтуда. Аталмыш ШҚ басшысы өз павильондарын ашып, базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен азық-түлік тауарларын халыққа ұсынуды жоспарлап отыр.

Тараз қаласы бойынша сүтті қайта өңдеуші 5 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтқанда: «Галеника» ЖШС, «Садыхан продукт» ЖШС, «Көкжиек-2030» ЖШС, «Шалкаров Б.К» ЖК, «Констянкин А.А» ЖК. Аталмыш кәсіпорындар айына 134,3 тонна сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сары май, кілегей, ірімшік өнімдерін өндіріп,  қала дүкендерін сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етуде және  94 адамды жұмыспен қамтуда.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін 2019 жылы жалпы көлемі 852,791 млн. теңге және 2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 12,823 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес -2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізіле береді.

Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                                                                                          Сәкен Нұржаубаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close