Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Тараз қаласында абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Бүгінде қалада тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы да қадағалануда. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, жуырда Тараз қалалық мәслихат хатшысы Батырбек Күлекеев бастаған №2 топ мүшелері Қойбақов, Гамалея, Макаров, Сәтпаев көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы абаттандыру жұмыстарын зерделеді.

Анықталғандай, Сәтпаев көшесіндегі 18 үйдің ауласындағы құрылыс жұмыстары аяқталған. Алайда, 22 және 4 үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша құрылыс жұмыстары баяу жүруде. Сол сияқты, Қойбақов, Гамалея көшелеріндегі аулаларды абаттандыру жұмыстары 80% орындалған.

Жалпы, тазалық жұмыстары Таразда үздіксіз жүргізіліп келеді. Алайда «Тазалық тазаланған жерде емес, ласталмаған жерде болады» демекші, тұрғындардың санасына тазалық сақтау мәдениеті орнықпайынша мәселенің тез шешілуі оңай емес екені белгілі. Сондықтан, тараздықтар тұрып жатқан мекенін таза ұстауға атсалысса игі. Сонда ғана қаладағы жауапты мекемелердің жанкешті еңбегі көзге көрінер ме еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close