Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда бір күнде 115 аялдама мен 22 көше дезинфекцияланды

Таразда тазалық жұмыстары жүргізілуде. Маусым айынан бастап қалалық «Жасыл Ел» еңбек жасағының жауынгерлері қаладағы «Мамыр» тоғайын күл-қоқыстардан тазалау жұмыстарын қолға алған болатын. Бүгінгі күнге дейін аталған тоғайдан 38 тонна қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ, жуырда «Жасыл-Ел Тараз» ЖШС-ның қызметкерлері қалада кезекті залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген болатын. Осылайша, бір күнде барлығы 115 аялдама мен 22 көше дезинфекцияланды.

⠀⠀ Аталған санитарлық тазалау жұмыстарына 6 су таситын көлік пен 8 адам күші жұмылдырылған. Айта кету керек, мұндай арнайы көлікке 12 текше метр сұйықтық сыяды.

Таразда тазалық тұрғысынан алғанда жүргізіліп жатқан жұмыстар бұнымен шектелмейді. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін бақылайтын арнайы топ та бар. Ал бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close