Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Таразда талапқа бағынған кәсіпкерлер де бар

Тараз қаласы әкімдігінің жедел штабы қалада орналасқан бірқатар дүкендер бойынша күндізгі зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жолы зерделеу жұмыстары жүргізілген дүкендердің барлығында дерлік санитарлық талаптар сақталғаны, коронавирус індеті бойынша ақпарат қағаздары ілінгені және сатушылар бетперде мен медициналық қолғаппен жұмыс істеп жатқаны анықталды. Яғни, дүкендердің барлығы карантин талаптарын толық сақтаған.

Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің №28 қаулысына сәйкес, аумағы 500 шаршы метрден асатын дүкендер өз жұмыстарын тоқтатқанын да атап өткен жөн. Жалпы, бұл күні назарға алынған нысандар санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарайтыны байқалды. Ал бұндай зерделеу жұмыстары алдағы уақытта да жүргізіліп тұратынын естеріңізге саламыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close