Басты бетҚоғамӘлеумет

Тараз қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Тараз қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу, нашақорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі қалалалық комиссияның 2 отырысы өткізіліп, сонымен қатар Тараз қаласы әкімдігінің тиісті бөлімдерімен, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы және Тараз қалалық ішкі істер басқармасымен бірлесіп, жастар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттайтын, белсенділігін арттыратын бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, атқарылды.

2020 жылы Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын  іске асыру мақсатында «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, нашақорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу конкурсы жарияланды. Нәтижесінде, 10 сәуір күні  жеңімпаз («Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі) анықталып, 1 000 000 теңге бөлінді.

Қалалық полиция басқармасымен бірлесе отырып ай сайын құқық бұзушылық немесе қылмыс жасаған оқушыларды есепке алу мақсатында салыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу жұмыстары аясында мектептерде бір-қатар іс-шара ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер,  жедел алдын алу рейдттік іс-шаралар,  акциялар,  семинарлар,бейнефильмдер, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған  спорттық жарыстар өткізілді.

Тараз қаласы әкімдігі тарапынан 14 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға  жалпы 8294 жуық адам қатысты.

Аталған спорттық іс-шаралардың 80 пайызында (%) 14-29 жастағы жастар қамтылды және осы іс-шаралардың басты мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен торроризмге қарсы, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. радикалды діни көзқарасынан қайтып, қоғамға бейімделген азаматтарды спортпен шұғылдануға тарту мақсатында бөлім тарапынан өткізілген іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына ұсынылды.

Синтетикалық есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимыл  бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

Жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілерінің көмегімен қала көшелерінің қабырғаларындағы есірткі заттарын жарнамалайтын «СП.МУКА.КРИС ТМ», «Telegram@KVS24CKIKD», «@SoltanTRZbot»сайттардың сілтемелері орналасқан жерлер анықталып, аталған жарнамалар өшірілді.

Сонымен қатар,  жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау және есірткі затын қолдану мен нашақорлықтын алдын алу мақсатында үстіміздегі жылдың қазан айында «Instagram», «YouTube», «Facebook»  әлеуметтік желілерде «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» атты  бейнеролигі жарияланды.

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде 2 мақала жарияланды.

Есірткісіз болашақ бағдарламасын күшейту және жастар арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу мақсатында қаланың орталық көшелерінде 2 баннер орналастырылған.

  Тәулік бойы жұмыс жасайтын сенім-телефондары қызмет көрсетуде (наркодиспансер 43-21-79; Тараз қаласы әкімі аппараты 45-15-35; 43-37-39; Жастар арасында құқық бұзушылық және қараусыз қалудың алдын алу бойынша психологиякалық қызмет көрсету орталығы 97-01-96).

Жоғарыдағыны ескере келе, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі қалалық комиссия тиісті жұмыстар жүргізіп, орындауда.

Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.

Тараз қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Гүлшат Айтбаева.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close