Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы

Ағымдағы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 41 жағдайы тіркелген, оның 26-сы симптомдық, 15-і симптомсыз. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 28 мен 80 жас аралығындағы тұрғындар арасында 16 симптомдық жағдай анықталды. Сондай-ақ, Қордай ауданында 39-60 жас аралығындағы тұрғындар арасында 5 жағдай, Жамбыл ауданында 1947, 1954 жылы туған тұрғындар арасында 2 жағдай, Талас, Жуалы, Байзақ аудандарында 1960, 1959, 1980 жылдары туған тұрғындар арасында 1 жағдайдан тіркелді.

Симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық және провизорлық стационарда емделуде. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Тараз қаласында 21-72 жас аралығындағы 6 тұрғыннан симптомсыз коронавирус расталды. Бұдан бөлек, Байзақ ауданының 1985, 1992 жылдары туған, Талас ауданының 1974, 1968 жылдары туған, Жуалы ауданының 1989, 1982 жылдары туған және Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының 1996, 1994, 1985 жылдары туған тұрғындарынан симптомсыз оқиғалар анықталды. Олардың барлығы үй карантиніне алынды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқпасының 3724 жағдайы тіркелсе, оның 3019-ы емделіп шықты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close