Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 140 отбасы азық-түлік себетін алды

4 тамызда Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен және жамбылдық кәсіпкерлердің атынан әлеуметтік аз қамтылған 140 отбасына азық-түлік себеті үлестірілді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, мұсылмандар мерекесінің қарсаңында басталған акция аясында қазіргі уақытқа дейін 690 отбасына азық-түлік пакеттері берілді. Аталмыш акция аясында шамамен 1000 отбасын қамту көзделіп отыр. Карантин талаптарына сәйкес, көп адамдардың шоғырлануына тыйым салынғандығына байланысты, қала ерікті жастары аталған көмек жинағын мұқтаж отбасыларға және қаламыздың 11 округінің бас инспекторларының ат салысуымен округтегі мұқтаж жандарға пакеттер таратылып, арнайы санаттағы отбасылар қамтылды. 

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері қаламызда түрлі акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Шахарда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде. Игі шараны қайырымды жандар жалғастырып, елімізде жалпы әлемде болып жатқан індетті бірге жеңуге және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу бұл әрбір адамның азаматтық борышы екенін сезіну арқылы қолдау көрсетуден тынбайтындарын еріктілеріміз ашық жеткізуде. Қазіргі қысылтаяң кезең кімге де болсын оңайға тиіп жатқан жоқ. Әсіресе, уақытша табыс көзінен айырылған отбасылар үшін ауырлық туғызғаны сөзсіз. 

Көмек алған отбасылар қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ізгі тілегін білдіріп, ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, алғыс айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close