Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғам

Тараз қалалық «Үздік аула», «Үздік көше» байқауының өткізілу тәртібі

Тараз қаласында «Үздік аула», «Үздік көше»,
номинациялары бойынша байқауды өткізудің
ТӘРТІБІ

Жалпы ереже

  1. Тараз қаласында «Үздік аула», «Үздік көше» номинациялары бойынша байқауды өткізудің осы тәртібі байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген байқау талаптарын, бағалау өлшемдерін, өткізу ретін, жеңімпаздарды марапаттау түрін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.
  2. Байқауға қатысушылардың құжаттарын жинақтауды «Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырады.

Байқау мақсаттары мен міндеттері

Тараз қаласын көркейту, көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту және қала халқын толық жұмылдыру;
қала тұрғындары арасында еңбек және тазалық мәдениетін қалыптастыру;
тұрғындарды үйлерінің, аулаларының және көшелерінің аумағын аббаттандыру іс-шараларына тарту;
тұрғындардың мемлекеттік органдармен өзара тығыз байланыста жұмыс жасауына ықпал ету,белсенді азаматтардың бастамаларын қолдау;
«Туған жер» жобасы аясында қаланы көркейтуге меценаттарды тарту;
көшелер мен аулалар аумағын табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазарту;
аумақты санитарлық тазарту;
тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тастауға рұқсат етілмеген алаңдарды жою;
тал–дарақтар мен гүлзарларды қырқу және егу;
шағын архитектуралық формадағы қоқыс жәшіктерін және орындықтарды сырлау.

Байқаудың ұйымдастырушысы

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу және нәтижелерін жариялау мақсатында, Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласында «Үздік аула», «Үздік көше» номинациялары бойынша ұйымдастыру жөніндегі комиссиясы бекітілді (әрі қарай – Комиссия).
Комиссия жұмысының басты нысаны отырыс болып табылады. Комиссия жұмысының әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына тәуелсіз бақылаушылардың, яғни Комиссия отырыстарына Тараз қаласы мәслихатының депутаттарына, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және саяси партияның өкілдеріне қатысу рұқсат етіледі.
Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:
қатысушылардан конкурстық өтінімдерді қабылдайды және тіркейді;
осы тәртібінде белгіленген өлшемдерге сәйкес, келіп түскен өтінімдерді бағалайды;
бұқаралық ақпарат құралдарында байқаудың басталуы мен өту барысын жариялайды;
байқау жеңімпаздарын анықтайды;
байқау жеңімпазын марапаттау рәсімін жүргізеді.
байқауды өткізуге байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Байқаудың қорытындысы комиссия мүшелерінің шешімімен олардың ашық дауыс беруі және қала тұрғындарының онлайн дауыс беруі арқылы қабылданады.
  2. Комиссия мүшелері:
    байқауға ұсынылған құжаттарды талқылауға, қарастыруға және салыстыруға қатысады, сондай-ақ байқау жеңімпаздарын анықтау туралы шешім қабылдайды;
    байқауға ұсынылған барлық мәліметтермен танысуға және оның жұмысы міндеттері мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқылы;
    байқауға ұсыныстарын объективті түрде қарастыруға міндетті.

Жеңімпаздарды ынталандыру

Байқау жеңімпаздары қала әкімдігі тарапынан марапатталады.

Байқау материалдарын ұсыну мен қарастыру мерзімі

Байқау бір кезеңде өткізіледі.
Байқау материалдарын Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №3 мекенжайы (№106 іс-бөлме)бойынша 2020 жылдың 19 тамыз күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.
Байқау құжаттары 20-21 тамыз қүндері қаралып, онлайн дауыс беру 22 тамыз күні басталып, 28 тамыздың 18.00-де аяқталады.
Байланыс телефондары: 45-59-85, 8 747 507 78 38
Е-mail: akimat.taraz@mail.ru

Байқау жұмыстарына қойылатын басты талаптар

Байқауға қаланың 11 аумағы толық қатыса алады.
Байқау Тараз қаласында «Үздік аула», «Үздік көше» номинациялары бойынша өткізіледі.
Байқауға қатысушыларды бағалау 5 баллдық жүйе арқылы жүргізіледі.
«Үздік аула» номинациясы бойынша байқауға қатысатындарға келесі шарттар қойылады:
ауланың тазалығы мен абаттандырылуы;
тал–дарақтары мен гүлзарлардың қырқылуы және егілуі;
ауланың түнгі жарықпен қамтылуы;
ауладағы спорт және балалар ойын алаңшасының жағдайы;
ауладағы қылмыс деңгейі;
ауланы көркейтуге меценаттардың тартылуы.
«Үздік көше» номинациясы бойынша байқауға қатысатындарға келесі шарттар қойылады:
көшенің тазалығы мен абаттандырылуы, арық жүйесінің жай-күйі;
тал–дарақтары мен гүлзарлардың қырқылуы және егілуі;
белгіленбеген орындардарда сауданың болмауы;
көшенің жолдары мен аялдамаларының жағдайы және түнгі жарықпен қамтылуы;
ғимараттардың қасбеті, заңсыз жарнамалардан тазартылуы;
көшедегі қылмыс деңгейі;
көшені көркейтуге меценаттардың тартылуы.
«Үздік аула», «Үздік көше» номинациялары бойынша байқауға қатысушылар келесі құжаттарды ұсынады:
нысанның мазмұны, орналасқан мекенжайы мен қызмет ерекшелігі, байқаудың мақсаттары мен міндеттері және қойылған талаптарына сәйкес қысқаша сипаттамасы көрсетілген еркін үлгіде өтінім;
растайтын фото және бейне материалдар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close