Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында рейд ұйымдастырылды

Жуырда Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңесші-заңгері А.Шәріпбайдың ұйымдастыруымен Ақбастау ауылдық округінде түнгі рейд шарасы өткізілді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түнгі рейдке Ақбастау ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі С.Есімбаева, Ақбастау ауылдық округі әкім аппаратындағы бас маман әскери есеп жүргізуші Рая Таңатова, учаскелік полиция инспекторы Сәкен Райымбекұлы қатысты.

Жалпы, шараның өткізілу мақсаты – Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2020 жылдың 5 маусымнан қабылдаған 28-ші қаулының 11,12 тармақтарына сәйкес кеңестер мен түсіндірмелер, ескертпелер жүргізу. Осы мақсатты көздеген іс-шара барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс болуының алдын алу, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200 бабына 1 тармақшасына сәйкес дүкендерде он сегіз жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын, жиырма бір жасқа дейінгі жастарға алкоголь өнімдерін сатудың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу үшін дүкен сатушыларына ескертпелер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әлемді шарпыған індеттен сақтану жолдары түсіндірілді.

Жалпы, бұндай рейд жұмыстары нәтижелі деуге әбден негіз бар. Себебі, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу үшін осындай іс-шараларды ұйымдастырып тұрған абзал. Коронавирустан сақтанудың жолдарын түсіндіру де артық болмайтыны анық. Ал түнгі уақытта жастардың бейпіл жүруіне болмайтынын ескерту, карантин талаптарын сақтаудың артықшылықтарын түсіндіру жергілікті тұрғындар үшін де, қызмет көрсететін нысандар үшін қажет жұмыстар екені белгілі. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар бұған дейін де жүргізіліп келді. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ал кәмелетке толмағандардың арасында болатын қылмысты азайту – қоғам алдындағы ортақ парыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close