Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жақсылық жаса!

Киім үлестіріп, азық-түлік таратты

Жуырда «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігі ауданымыздағы тұрмыстық табысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына 100-ге жуық киім-кешек үлестірді.
Бұл жағымды жаңалықпен бірлестіктің ауданымыздағы өкілі Шарипа Елібаева бөліскен еді.
– Әрбір іс-әрекетімізді жақсылыққа жорығанымыз жөн. Тек өзгені қуанту үшін ниет етсек жеткілікті. Әлемде бала қуанышынан артық бақыт жоқ. Осы орайда Ащыбұлақ, Қаракемер, Аса ауылдарындағы балаларға демеушілердің аманатын табыстап қайтқан жайымыз бар, – деді Шарипа Рыскелдіқызы бізбен әңгімесінде.
Сондай-ақ игі іске бейіл берген жан «Beiersdorf» фирмасының қолдауымен жалғызбасты аналарға әлеуметтік азық-түлік таратып, сауапқа кенелді.
Тұрғындар әлеуметтік көмекті жылы қабылдап, таразыда салмағы ауыр амалдарға ден қойған қамқор жанға шексіз ризашылығын білдірді.
Гүлбаршын Сейтқазиева,
«Шұғыла».

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close