Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Кенеден кесел келмесін


Залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде
Күн жылына бастағалы түрлі ауру-сырқаудың өршігені белгілі. Әсіресе, кенеден келетін кесір адам өміріне өте қауіпті. Осы орайда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық бөлімшесінің мамандары Құмтиын елді мекенінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Олар ауылдың саябақтары мен адамдар көп жүретін орындарда, сондай-ақ аудан аумағындағы барша тұрғындардың мал қоралары мен үй-жайларында залалсыздандыру жұмыстарын жүйелеуде.
– Қазіргі таңда қауіпті кеселге қарсы улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта аудандағы төрт ауылдық округте залалсыздандыру жұмыстары толық аяқталды. Осы уақытқа дейін кенеге қарсы күресте алдын алу жұмыстарының уақтылы орындалуына байланысты кенелер өңірде түпкілікті жойылды. Бүгінде Бектөбе, Айшабибі, Қаракемер, Ақбастау ауылдық округтерінде жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары қолға алынған. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Ауылдың маңында немесе жазық далаларда кенелердің жиналу қаупі бар. Сондықтан дезинфекциялық шараларды тоқтатпаймыз, – деді мекеме басшысы Талғат Бөлекбаев.
Айталық, өңірдің үлкен жол бойлары мен егіс алқабының жанындағы шөбі шүйгін жерлерде де мұндай жұмыстар атқарылуда.
Жәнібек АСАНОВ,
«Шұғыла».

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close