Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбылдық 30 ерікті қан тапсырды

Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Донор бол – өмір сыйла» атты акциясына аудан еріктілері де өз үлестерін қосты.
Облыстық қан тапсыру орталығына жиналған 30-ға жуық жамбылдық жастардың көкейінде сауапты іске атсалыссақ деген ой тұрса керек.
Аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахимжановтың айтуынша, ерікті жастар акцияға үлес қосуға ынта білдіріп, қолқа салған.

Қазіргі жастардың бойынан кез келген қасиетті байқауға болады. Олардың заман ағымына тез бейімделуі, заманауи технологияны тез игеруі жастардың ой-өрісінің дамығанын білдіреді. Әрине кез келген ілгерілеушілік адами құндылықтан ауытқымауы қажет.
Бүгінде жастар аталмыш акцияға қатыссақ деп ұсыныс білдіргеннен кейін, біз бас тарта алмадық. Содан бәріміз бірге мұқтаж жандарға көмегіміз тиіп қалар деп қан орталығына барған жайымыз бар, – деді ол бізбен әңгімесінде.

Жамбыл ауданы баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close