Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбылдықтар асарлатып үй салуда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы облысымыздың барлық өңірінде жүзеге асырылуда десек, Жамбыл ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында жағдай мүлдем бөлек.

Бөлек болғаны сол, ауыл тұрғындары мен қолы ашық азаматтары ауыл қарияларының тұрмыстық табысы төмен отбасына ауыл болып баспана салуымыз керек деген насихатын санаға түйіп, білек сыбана кіріскен. Сөзімізге назардағы суреттер дәлел болады.
Ауыл әкімі Самат Селеубаев жұртшылықтың кең пейілділігі мен адамгершілігінің арқасында құрылыс жұмыстары осындай деңгейге жеткендігін айтады.

«Біз қиындықта қарайласқан халық екенімізді тағы мәрте дәлелдеп отырғандаймыз. Ләйім Алла тағала ауызбіршілігімізден айырмасын. Алдағы уақытта ішкі әрлеу жұмыстарын тәмамдап, жылу жүйесін жүргіземіз.
Ең қызығы мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыстауды асыға күтіп жүргеніміз», – дейді Самат Апсадықұлы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close