Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Жамбыл ауданының әкімі құрылыс жұмыстарын жіті бақылауда

Жамбыл ауданының әкімі құрылыс жұмыстарын жіті бақылауда, – деп хабарлайды Ақпарақ агенттігі. Оған аудан басшысының Қаракемер ауылында салынып жатқан клубтың құрылысымен танысуы барысында көз жеткіздік.

«Қаракемерліктердің ұйымшылдығы барша ауылға қажет-ақ», – деді аудан әкімі Сәкен Арубаев.

Жалпы, Қаракемерліктердің өнерге деген ықыласы мен ыждаһатының ерекше екенін тұрғындардың көп жылдан бері осы мәселені аудандық атқамінерлерге көтеріп, өнер ошағының қажет деп тап басып айтуынан аңғаруға болады.
Дегенмен жағымды жаңалық төбе көрсетті! Өтініш-тілектер назарға алынып, мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық клубтың құрылысына 81 млн 612 мың теңге бөлініп, «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіне кілт табыстауға дейінгі жұмыстар жүктелді.
90 адамға арналған клубтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бір айта кететін жайт, тұрғындар құрылыстың сапасына ерекше назар аударуда.
Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың құрылыс жұмыстарын зерделеу кезінде, қаракемерліктер құрылыстағы көңілі толмайтын тұстарды басып айтып, шара қабылдауын өтінуі ауылға деген жанашырлықтың айқын белгісі емес пе?!
Аудан әкімі Сәкен Қаланұлы тұрғындардың халық игілігіне берілетін нысандарды бақылауда ұстауына риза көңіл танытып, мердігерден аталмыш олқылықтардың орнын толтыруды талап етті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close