Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы қаралды

Бүгін Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде арнайы жиын өтті. Жиынға Тараз қаласы прокурорының м.а. – Б.Төлеуов, Тараз қаласының полиция басқармасы басшысы – А.Заурбеков, қала әкімінің орынбасары – А.Есеналиев, қала әкімінің аппарат басшысы – Д.Абдуқасымов, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімше басшысы – А.Мейрхан, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысы – Ғ.Ералиев, Тараз қаласы әкімдігінің ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысы З.Тұрсынұлы, аумақтық округ бас инспекторлары, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін көрсетуші мекемелер («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС, «Сұлтанқазы» ЖШС, «Сәрсенбай» ЖШС, «Нұрлы-Тараз» ЖШС, ЖК «Махмудов Т.», ЖК «Баймуханбетов Б.», ЖК «Тазалық», ЖК «Жамбай») басшылары, Тараз қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері және кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторлар қатысты.
Жиын барысында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев шаһардағы жасөспірімдер арасындағы қылмысқа кеңінен тоқталып, жауапты қызметкерлерге бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтар болсақ,
Қала аумағындағы кәмелет жасқа толмаған балалар тізімі бойынша учаскелік полиция қызметкерлері және кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторлар өз аумақтары бойынша толық зерделеу (балалар тізімі, жас айырмашылықтары және т.б.) жұмыстарын жүргізіп, нақты ақпарат ұсынылуын қадағалуды тапсырды.
Сонымен қатар, №2, 4, 16, 22 мектептерде құрылыс жұмыстары жүргізілуіне орай, аталған мектеп оқушыларының өзге мектептерде оқуына байланысты қалалық білім бөлімімен бірлесе отырып, оқушылар, ата-аналар және ұстаздар арасында профилактикалық жұмыстар атқарылып, тиісті ақпараттар жинақталу да назарға алынды.
Сондай-ақ, Айтқазы Қарабалаев қала аумағындағы учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы сын көтермейтінін айтты. Ол учаскелік полиция қызметкерлері өз аумақтарына қатысты тиянақты және сапалы жұмыстар атқаруы қамтамасыз етілуін талап етті.
Қала аумағындағы коммуналдық жүйелердің құдық қақпақтарының жаппай ұрлану мәселесі, оның ішінде 15 шағынауданы аумағында бір түн ішінде 228 құдық қақпақтарының ұрлану фактісі де аталды.
Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үйлер бойынша мердігер мекемелермен жиналыс ұйымдастырылып, жөндеу жұмыстарының қарқынын арттыру бойынша тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта 80 көп қабатты тұрғын үйден тек 27 тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close