Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Ата Заң – елдіктің тұғыры

Тәуелсіздігіміздің бірден-бір айғағы болатын ол – Конституция. Ата Заңымызда біздің адами құндылығымыз бен бостандығымыз қамтылып, құқықтық нормаларымыз белгіленгені баршаға мәлім.
Кемел келешектің кепіліне айналған Конституция құрметіне арналған мереке елімізде 30 тамыз күні республика көлемінде аталып өтіледі.
Айтулы мерекеге орай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жас жамбылдықтар арасында «Ата Заң – елдіктің тұғыры» атты аудандық онлайн эссе байқауы өтті. Бәсеке барысында алдымен Аса ауылдық аула клубының жетекшісі Айдана Қыдырханова Конституция жайында ақпараттарымен бөлісіп, эссе жазудың шартын түсіндірді. Шығармашылық жарысқа ауылдық округтерден барлығы 10 жас қатысты. Жеке көзқарасты мәтінге негізделген бұл жазбаның нәтижесі де көп ұзамай анықталып, көркем сөздің хас шеберін айқындайтын байқауда ұшқыр ойы мен сөз саптауы келіскен үздіктер марапатсыз қалмады. Атап айтар болсақ, бас жүлдені Айдана Назарова иеленсе, І орынға Алима Қалисаева, ІІ орынға Жансұлу Жексенбай, ІІІ орынға Айдана Мәлік лайық деп танылды.
Жамбылдық жастар еркін тақырыпта эссе жазудан өткен байқауда өз қабілеттерін жан-жақты таныта білді. Әркім өз пайымдауынша Ата Заңымыз жайлы ойларын қағаз бетіне түсіріп, мереке күнінің маңыздылығын, құндылығын сипаттап жазумен ерекшеленді.
Жәнібек АСАНОВ,
«Шұғыла».

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close