Басты бетЖаңалықтарҚоғам

29 тамыз – Семей ядролық полигоны жабылған күн

40 жыл сынақтан көз ашпаған ел едік…
Қазақ даласы ядролық сынақ жарылыстарынан 40 жыл бойына көз ашпады. Осы жылдар ішінде 456 мәрте ядролық және термоядролық жарылыстар болды.
1953 жылы дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды. Бірте-бірте халықтың наразылығы күшейе түсіп, 1989 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды, оған елімізге белгілі тұлға Олжас Сүлейменов жетекшілік етті.
Негізі, ядролық сынақ 1949 жылдың 29 тамызы күні басталғаны белгілі. 1991 жылы 29 тамызда Елбасының Жарлығымен Семей полигоны жабылып, артынша «тарих дертін» бастан өткеріп отырған АҚШ-та «Невада», Қытайда «Лобиардо» және Францияда ядролық сынақ полигондары тоқтатылды.
Осылайша 40 жыл бойы жердің астынан жарылған дүмпу ел халқын қажытты, түрлі кеселге душар болып, кемтар балалар бірінен соң бірі дүниеге келіп жатты. Бақилыққа аттанғандары қаншама.
Азап пен қорлықты бастан өткергендердің жыл сайын өткен күндерді еске алуы заңды құбылыс дер едік.
Кеше Гродеково ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратында Қазақстан ардагерлері ерекше мақсатты бөлімшелері қоғамы бірлестігінің төрағасы Александр Таранов пен бірлестіктің кураторы Сагидулла Мурзабаевтың ұйымдастыруымен «Тарихи дерт» атты іс-шара өтті.
– Бұл алапат жарылыстың дүмпуі халықтың құлағынан әлі кеткен жоқ, естен де шыққан жоқ, – деп сөз бастаған Александр Владимирович кезінде Семей полигонында, радиациялық аймақтар – Чернобыль, Байқоңыр, Чехия, Венгрия, Ангола, Куба, Ауған жерінде әскери борышын мінсіз өтеген жерлес сардарлар мен сарбаздарды мерекесімен құттықтап, Сагидулла Нұрмаханұлына, Қырғызбай Хабиевке, Николай Гарбузға, Қаней Темірбековке, Федор Федюшкинге, Құрбан Сүлейменовке, Марат Елеуовке, Ахрал Хамракуловқа, Александр Ситинковқа, Салым Сангиловқа Алғыс хат табыстады.
Жамбыл ауданы баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close