Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Ащыбұлақтықтар асарлатуда

Ащыбұлақтықтардың алға қойған мақсатына бұрқасын жел де, долы дауыл да бөгет бола алмайтын сияқты. Әрине Алла Тағаланың сансыз сауабына кенелу үшін жасалынып жатқан әрекетке тосқауыл болуға кімнің шамасы жетеді дейсің.

Ауылдық ардагерлер кеңесі, қазына қариялар күні кеше ғана ауылдың басын қосып, көпбалалы тұрғынды өзара анықтап, үй салуды қолға алған еді. Міне, бүгін бастамаларына береке ұя салып, істері алға баса кетті. 144 (12×12) шаршы метрді құрайтын баспананың еңсе тіктеуіне жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар атсалысқанын, ауыл жігіттері кезекті ауысыммен құрылыс жұмыстарын үйлестіріп жатқанын көрген біз, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасына қан жүгіргенін байқап, ащыбұлақтықтардың ауызбіршілігіне қайран қалдық.

Ауыл әкімі Самат Селеубаевта таразыда салмағы ауыр амалдан шет қалмаған секілді.
Жергілікті округтен техникалар жұмылдырып, инфрақұрылымын жүргізіп берген. Дегенмен ауыл әкімінің айтуынша «бәрекелдіні» тұрғындарға айтқанымыз жөн болатынын да сөз арасында айтып қалды.
Шамада үй құрылысының жұмысы 95% аяқталса, жұмсалған қаражат 9 млн теңгеден асып жығылады екен. Әйтседе, тұрғындар қаражаттан бөлек, қуыстай бөлмеде отырған бала-шағаға қуаныш сыйлайтын күнін тағатсыздана күтіп жүр.
Ауыл әкімі Самат Апсадықұлы бірлесе салынған үйдің кілтін иесіне 15 қыркүйек күні салтанатты жағдайда табыс етеміз дейді.
Ол күнде алыс емес. Алғыс арқалаған ашыбұлақтықтар абырой мәресіне жетуге аз қалды.
«Үлгілі ауыл» байқауына еңген ауыл көп ұзамай жақсы жаңалықпен толығатын айта кеткен жөн.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close