Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында Тараз қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы ұйымдастырылды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отырысқа комиссия мүшелері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, білім басқармаларына қарасты мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаладағы мекемелердің (жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты, денсаулық сақтау мекемелері, спорт басқармасына қарасты мекемелер және мәдениет, білім басқармасына қарасты мекемелер) мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану барысына жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесі қаралды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close