Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда жәрмеңке өтті

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы белгіленген нысандарда (Алатау м.а «Фиркан» сауда кешенінің маңы; Қант зауыты аумағындағы аллея; Коммуналдық базар) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде Байзақ, Қордай және Талас аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары төмен бағада ұсынылды.Жалпы құны 112,9 млн. теңгені құрайтын 103,1 тонна ауыл шаруашылығы тауарларының ішінде 8,6 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,2 тонна сүт өнімдері, 1,5 тонна шұжық өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 2,3 тонна балық, 0,6 тонна бал, 0,3 тонна тұз, 0,45 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,2 тонна макарон өнімдері және 79,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев арнайы барып, ұсынылған тауарлардың сапасы мен бағасын бағдарлады.Айта кету керек, аталған жәрмеңке қазан айының соңына дейін сенбі күндері апта сайын бекітілген кестеге сәйкес аудандар бөлінісінде өткізіледі. Келесі 19 қыркүйекте өтетін жәрмеңкеде Жамбыл, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close