Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда кезекті көшпелі қабылдау өтті

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің бөлім басшылары, қалалық полиция басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері Ф.Қыпшақбаев көшесінің бойында орналасқан «Корвет» сауда орталығының маңында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қабылдау барысында азаматтардың базынасы тыңдалып, олар бойынша тиісті кеңес берілді және бақылауға алынды. Қала тұрғындарынан түскен өтініш пен шағымдардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жер және баспана мәселесіне қатысты болған.

Айта кету керек, көшпелі қоғамдық қабылдау Тараз қаласындағы «Салтанат» (4) мөлтек ауданындағы №2 қалалық емхананың аумақғында 7 қыркүйекте өтетін болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close