Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Мамандар тұрғындармен кездесті

«Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері №6 аумақтың тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында 6 аумақтың тұрғындарына 2020 жылы аз қамтылған көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шаралары жайлы түсіндірді.

Сонымен қатар, табысы кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларға, өмір-сүру сапасын жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан төленетін АӘК түрлері, жұмыссыздарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алатындары туралы айтылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close