Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мөлтек аудан салынуда

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектар жерде шамамен 8500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйді құрайтын 15-ші мөлтек ауданы бой көтеруде.

Бүгінде алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда.

Қазіргі таңда алқапта 26 тұрғын үй немесе 2020 пәтер халық игілігіне берілді. Оның ішінде 22 ипотекалық тұрғын үй және 4 коммуналдық арендалық үй.
Бүгінгі күнге 4 арендалық үй мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізімінде тіркелген азаматтарға берілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында аталған аймақтағы 80 және 60 пәтерлі көпқабатты 22 ипотекалық тұрғын үйден барлығы 1700 пәтер сатылымға ұсынылып, бүгінгі күнге 1411 сатып алу келісімшарты жасалды.

1113 пәтер «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) және «7-20-25» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, мемлекет қорына 8,2 млрд теңге көлемінде қаражат құйылды. Ағымдағы жылға жоспарланған қаражат көлемі 587 пәтер бойынша 4,4 млрд теңге.

Сатылымдағы 587 пәтердің 517 пәтері «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) арқылы сатылымда, пәтерлер 2019-2020 жылы пайдалануға берілген. Бағасы – шаршы метріне 140 000 теңге. 70 пәтері «7-20-25» бағдарламасы аясында жоғарғы қабаттағы 1, 2 бөлмелі екінші деңгейлі 7 банк арқылы сатылымда, пәтерлер 2018 жылы пайдалануға берілген. Бағасы – шаршы метріне 116 000 теңге.

318 пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) салымшылар арасынан бекітіліп, алдағы уақытта 3 млрд теңгеге жуық қаражат мемлекет қорына құйылады деп жоспарлануда.

Ғазиз Ералиев,
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы
.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close