Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Тараз қаласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі және 8 әкімдік бөлімдерімен 2020 жылдың тамыз айына мемлекеттік тізілім бойынша мемлекеттік қызметтердің 76 түрі көрсетілді.

(АХАТ бөлімшесі-(8), білім-(24), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар-13,  (халықты жұмыспен қамту орталығында-3)-(жалпы-16), тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары-(5), тұрғын үй қатынастары–(5), сәулет, және қала құрылысы-(4), жер қатынастары-(9), дене шынықтыру және спорт – (1), ауыл шаруашылығы бөлімдері-(4)).

     Тараз қаласында 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, 69 906  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

оның ішінде:

– қағаз түрінде –  14 752,  21,1%-ды құрайды, оның – 14 318-і жеке тұлғаларға, 434-і заңды тұлғаларға;

– мемлекеттік корпорация арқылы – 22 873,  32,7%-ды құрайды, оның ішінде жеке тұлғаларға – 22 562, заңды тұлғаларға – 311;

– электронды түрде – 32 281, 47,1%-ды құрайды, оның – 31 945–і жеке тұлғаларға, 336-сы заңды тұлғаларға.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 3 119, оның ішінде:

– жеке тұлғаларға – 3 075, оның – 1376-сы электрондық веб-портал арқылы,  1699-ы қағаз түрінде;

– заңды тұлғаларға – 44, оның – 27-і   электрондық    веб-портал  арқылы, 17-ы қағаз түрінде.

Өткізілген іс-шаралар саны – 164, жүргізілген түсіндірме жұмыстарымен қамтылған халықтың саны –  1 700 000.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 44 – қағаз және электронды түрде, (оның ішінде 10 қызмет толық автоматтандырылған, 14 қызмет жартылай автоматтандырылған, 20-баламалы түрде), 17 – электронды түрде, ал 15 – қағаз түрінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді әкімдік бөлімдер келесі ақпараттық жүйелер арқылы көрсетеді:

«АХАЖ ТП» – (Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесі);

«Е-әкімдік» – (білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері);

«nur-baspana.gov.kz» сервистік бағдарламалық өнім – (тұрғын үй қатынастары бөлімі);

«Е-лицензиялау» – (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдері);

«EDUgarden: ақылды балабақша», «EDUschool» – (білім бөлімі);

«Е-собес», «Е-халық» – (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй қатынастары бөлімі);

«Еңбек нарығы», «Әлеуметтік көмек» – (халықты жұмыспен қамту орталығы);

«Мекенжай регистрі» – (сәулет, және қала құрылысы бөлімі).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы және Тараз қаласы әкімімен «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын  қамтамасыз етудің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, қала әкімінің taraz.zhambyl.gov.kz ресми сайтына,  Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріне видеороликтер мен ақпараттар орналастырылып, семинар-кеңестер ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты ұйымдарымен  (мектептер мен бөбекжай-бақшалар) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарына сай «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу мүмкіндіктері болғандықтан, мектептер мен бөбекжай-бақшаларда «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы қызметті көрсету үлесін арттыру бойынша білім бөлімімен 2020 жылғы 20 қаңтарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындар арасында насихаттау және мемлекеттік қызметті электронды форматта алуды кеңінен насихаттау бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» әзірленіп, бөлімге бағынысты ұйымдарына тұрақты көрсетілетін қызмет туралы мақалалар жариялау жүктелді.

Тараз қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңесімен 2020 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу көзделген. Аталған жоспарға сай І тоқсанда «Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту» мәселесі қаралып, ұсыныстар берілді.

Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінде «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын» жаңғыртып, жауапты мамандар бекітілді.

Қаңтар айында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен  2020 жылы БАҚ және әкімдіктің әлеуметтік желілеріне  жарияланатын ақпараттар туралы кесте жасалынып, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша ақпаратты әзірлеп, жолдау Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесіне жүктеліп, ай сайын кестеге сай ақпараттар жарияланып келеді.               

Мамыр айында Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы тұрғындардың электрондық қызмет көрсету түрлерін алу мүмкіндігінің шектелуіне байланыс-ты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы және Тараз қаласы әкімі аппараты азаматтардың мемлекеттік қызметтерді толыққанды алуын қамтамасыз ету мақсатында, қаламыздың халық көп шоғырланатын аудандарында «Астана» мөлтек ауданы (12) №31 үйдің 1-қабатында және Сүлейменов көшесі, №5 «А» мекенжайда орналасқан Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар» қабілет орталығында SMART орталықтары ұйымдастырылды. SMART орталықтары мемлекеттік қызметтерді  онлайн режимінде алу жолдарын көрсететін кәсіби деңгейі жоғары қызметкерлермен және компьютерлік техникалармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта «Бәйтерек» мөлтек ауданы (13) №8 үйдің 1-қабатында SMART орталығын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар Тараз қаласында сервистік қызмет көрсету үлгісіне көшуді Мемлекет басшысының қолдауын есепке ала отырып, әкімдіктің қызметін талаптарға сәйкес ұсыну үшін  сервистік әкімдіктің екінші офисі ағымдағы жылғы 18 тамызында Тараз қаласы, Төле би көшесі, 57 «Б» мекенжайда орналасқан ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен қайта ұйымдастырылды.

Меруерт Молдағалиева, Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close