Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараздағы саяжайлардың статусын өзгерту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37-баптарын, «Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы №113 қаулысын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысы негізінде қала аумағындағы нысаналы мақсаты өзгертілген саяжайлар:

1. Тараз қаласының әкімінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №2988 қаулысымен Тараз қаласы «Құмшағал» және «Шөлдала» шағын аудандарының 28 саяжай алқаптарының аумағы 1028,4 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы №2988 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Тараз қаласы «Құмшағал» және «Шөлдала» шағын аудандарының 28 саяжай алқаптарының 1028,4 га аумағы тұрғын аумағы ретінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген.

2. Тараз қаласының әкімінің 2016 жылғы 16 мамырдағы №341 қаулысымен  Тараз қаласы аумағындағы «Родничок», «Мичуринец», «Ақжол» және «Қайнар» тұрғын алқаптарының нақты жоспарлау жобасы бекітілген. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша қазіргі таңда «Родничок» –                                                                  154 адам, «Ақжол» – 585 адам, «Мичуринец» – 626 адам, «Қайнар» – 457 адам өмір сүруде. Аталған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша кіші бизнес объектісі – 1, қонақ үй – 1, балабақшаға – 120 орын, әкімшілік ғимарат – 1, спорт өзегі – 1 орын қарастырылған.

28 саяжай аумағы – 716,38 га, «Құмшағал» шағын ауданы – 32,3 га, «Шөлдала» шағын ауданы – 46,7 га, «Казарма» шағын ауданы 8,8 га құрайды.

Қазіргі таңда аталған аумақта 17037 адам тұрады. Атап айтқанда,  14381 адам 28 саяжай алқабында және 2656 адам «Құмшағал», «Казарма» және «Шөлдала» шағын аудандарында тұрады.

Тараз қаласы «Құмшағал» және «Шөлдала» шағын аудандарының 28 саяжай алқабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша атап өтетін болсақ жоба алдында қойылған мәселелер:

1. ҚР құрылыс нормаларына сәйкес әлеуметтік нысандармен қамту (мектеп, балабақша, денсаулық сақтау мекемесі және т.б.);

2. Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету(су, электр энергия желісі, газ жүйесі);

3. Жобалық аумақтағы көше-жол торабын жетілдіру (автомобиль жолдары, қоғамдық көлік жүйесі, өрт қауіпсіздігіне сай өтпе жолдар).

3. «Төрткөл» саяжай алқабы 2001-2002 жылдары қала әкімінің қаулысымен нысаналы мақсаты тұрғын алқап болып өзгертілді.

А.Бөбеев, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close