Басты бетЖаңалықтарХабарландыру
Тараз қаласы тұрғындарының назарына!

Халықтың коммуналдық қызметтерінің төлемақысын өтеу үшін Тараз қаласына республикалық бюджеттен 1 млрд 142,2 млн теңге бөлінді.
Бекітілген Қағидаларға сәйкес қаладан 7 санатқа жататын 34511 азамат анықталып, оның ішінде 14 979 адамнан өтінім түскен.
Жалпы 14 979 өтінім бойынша 571 095 000 теңгеден екі айға 449 370 000 мың теңге (78,6%) төлем жасалынды.
Коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге құқығы бар адамдардың онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің санаты:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
Qamqor-taraz.kz базасына өтінім беріп, тіркелмей қалған азаматтар саны – 154 тұрғындарға 4 620 000 теңге тізім бойынша өңделу үстінде.
Ал 688 200 000 мың теңге (60,2%) республикалық бюджетке кері қайтарылады.
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі