Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында «Әкім сағаты» өтті

Бүгін Жамбыл ауданы әкімінің жұмыс бөлмесінде «Әкім сағаты» жобасы 9 мәрте өткізілді. Бұл жолы тікелей эфир өткізген аудан әкімі Сәкен Арубаев, ағымдағы жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар туралы сөз сабақтап, әлеуметтік желі арқылы түскен сауалдарға тұщымды жауап қайтарды.

Эфирден қысқаша айталық!

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Ауданның жер көлемі туралы
Жамбыл ауданының жер қоры 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 247 182 гектар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 56863 гектарды құрап отыр ( 28 850 гектар суармалы, 28 013 гектар суарылмайтын).
Ауданда барлығы – 3258 агроқұрылымдар жұмыс атқаруда (4 – өндірістік кооператив және 3254 шаруа қожалықтары).

Ауыл шаруашылығы дақылдарының орналасуы туралы
Биылғы жылы ауданда ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылатын егіс көлемі 56863 гектарға жоспарланып, статистикалық көрсеткіш бойынша 57 005 гектарды (100,2%) құрады.
Оның ішінде: 4863 га күздік бидай, 12682 га жаздық арпа, 1749 га дәндік жүгері, 2520 га майлы дақылдар (күнбағыс-1630 га, мақсары-875 га, қытай бұршақ -13 га, басқа майлы дақылдар -2 га, 671 га қант қызылшасы, 558,5 га картоп, 7939 га көкөніс, 736 га бақша, 25286 га мал азықтық дақылдар (өткен жылдардағы көпжылдық шөп-20666 га, жаңа егілген көпжылдық шөп – 4284 га, жүгері сүрлемге – 336 га) орналастырылып, 1025 гектар сүрі (пар) көтерілді.
Қазіргі заманауи су үнемдегіш технологиялардың өндіріске енгізілуі
2020 жылы ауданда су үнемдеу технологиясы бойынша 62 шаруашылық барлығы – 3046,5 гектар алқапта (жеміс-жидек дақылдары – 339,1 га, көкөніс дақылдары – 2232,4 га, қант қызылшасы – 230 га, көпжылдық шөп – 245 га) қолданылуда. Оның ішінде: тамшылатып суару – 2766,5 га, жаңбырлатып суару – 280 гектар.
Қарқынды (интенсивті) бақтар өсіру
Аудан бойынша бүгінгі күнге 237,6 га алқапқа үдемелі (интенсивті) алма бақтары бар.
Аудандағы жылыжай шаруашылығы туралы
2020 жылға ауданда барлығы – 293 жылыжай (көлемі 18,9780 га) орналасқан.
2020 жылдың 1-ші айналымында осы жылыжайлардың 33-і (5,0225 га) жұмыс істеп, барлығы -319 тонна өнім жинады.
Осы айтылған 293 жылыжайдың (көлемі 18,9780 га) 4 шаруашылықтағы 225 жылыжай (көлемі 10,8259 га) жарамсыздыққа ұшырап, бүгінгі күнге жарамдысы 30 жылыжай (көлемі 4,8625 га) қалды.
Жылыжай шаруашылығында өндірген өнімдер шығындарын жаппау себептерінен 2-ші айналымында қалған 30 жылыжайдың бүгінгі күнге 3 шаруашылықта 5 жылыжайға 0,7090 га көкөніс отырғызып, күтіп баптау жұмыстарын жүргізуде.

Масақты дәнді дақылдарды жинау барысы туралы
Биылғы жылы аудан бойынша 17545 га масақты дәнді дақылдар себіліп (4863 га күздік бидай, 12682 жаздық арпа), егін орағына түсті.
Бүгінгі күнге 17454 га масақты дәнді дақылдар жиналып (100%), жалпы түсім 37370 тоннаны (күздік бидай-9337 тн, жаздық арпа -28033 тн) құрады.
Әр гектардан орта есеппен – 21,3 цн өнім алынды (күздік бидай-19,2 цн, жаздық арпа -22,1 цн). Егін орғына барлығы 50 комбайн қатысты.

Жем-шөп дайындау барысы туралы
2020 жылға белгіленген жоспар көлемі – 162 000 тонна шөп дайындау қажет болса, бүгінгі күнге дайындалғаны – 182080 тонна (112,4%). Биылғы шөп ору науқанына 40 шөп оратын комбайн, 60 шөп тайлағыш қатысты.

Күздік дақылдар себу жұмыстары
2021 жылдың өніміне 4500 га күздік бидай, 100 га күздік рапс себу жоспарланып, бүгінгі күге 220 га күздік рапс, 100 га күздік бидай себілді.

Арзандатылған минералды тыңайтқыштар алу барысы туралы

2020 жылдың 8 айында арзандатылған минералды тыңайтқыштар алуға 329 шаруашылық 4226,9 тоннаға келісім-шартқа отырып, бүгінгі күнге 3944,5 тонна тыңайтқыштар (2968,7 тонна аммиакты селитра, 309,4 тонна аммофос, 666,4 тонна басқада тыңайтқыштар) алды. Бұл алынған минералды тыңайтқыштар 17929 га егіс алқаптарына енгізілді.

Көкөніс сақтайтын қоймалар туралы
Аудан бойынша сиымдылығы 29459 тоннаны құрайтын картоп, көкөніс және жеміс сақтайтын 114 қойма бар.

Ауыл шаруашылығы техникаларын алу
Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 7,0%-ға жаңарды. 2020 жылға 240,020 млн. теңгеге барлығы 81 дана ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде 17 трактор, 1 астық комбайны, 1 шөп комбайны, 62 қосалқы техникалар сатып алынды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша
Ауданда 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларына мал шаруашылығы бойынша тіркелінген мүйізді ірі қара малының саны- 45027 басты құрап, 2019 жылдың төрт айымен салыстырғанда 865 басқа артық (102,0%) болса , оның ішінде сиыр саны -21426 бас- ол 837 басқа (104,1%), қой ешкі-254118 бас – ол 4074 басқа (101,6%), жылқы-19231 бас- ол 1266 басқа (107,0%), құс-344392 бас -ол 4723 басқа (101,4%) артық болды. Әр 100 бас аналықтан алынған төл бұзау-93 бас, қозы -104 бас, құлын-78 бас, жалпы алынған төл бұзау-17670 бас, қозы-лақ-86825 бас, құлын-6053 басты құрады.

Ет экспорты
2020 жылдың 11 қыркүйегіне дейін ет экспортына жоспарланған 180,0 тонна сиыр етінің 23,6 тоннасы немесе 13,1%-ы шұжық өнімдерімен орындалса, «Меркі ет комбинаты» ЖШС-не жоспарланған 120 тонна қой етінің 15,5 тоннасы (1217 бас) немесе 13 %-ы ауданнан төрт шаруашылықтың атынан (Гродеково а/о «Талисман» ш-ғы -0,8 тонна, Қызылқайнар а/о «Амиртаев А» ш-ғы -2,6 тонна, Ерназар а/о «Нұр» ш-ғы- 6,1 тонна, Қаратөбе а/о «Ынтымақ»шфқ-ғы-6,0 тонна) өткізді.

Тұқымдық түрлендіру

Ағымдағы жыл басынан бері тұқымдық түрлендіруге қатысқан мал саны ИАС –та (Ақпараттық талтау жүйесі) 9713 бас сиырды құрады 9000 бас жоспардың орындалуы 107,9 % -ы.

Бұқашық тапсыру

Ауданда жұмыс атқарып тұрған 2-і бордақылау алаңына (Қаратөбе а/о-де «Бірлік» ш-ғы, Айша бибі а/о-де «ABBfeeblot» ЖШС-гі) жоспарланған 2951 бас бұқашықтың 1467 басы (49,7%) өткізілді.

«Сыбаға» бағдарламасы
2020 жылы ауданға шаруашылықтар тарабынан несие алу арқылы 250 бас МІҚ және 5000 бас қой сатып алу жоспарлануда.
Импортты МІҚ сатып алу
Аудандағы «JAMBUL ET SM» ЖШС-гі тарапынан Ирландия мемлекетінен 1000 бас МІҚ малының аналық басы сатып алынып, карантинге қойылды. Осы жылдың 12 тамыз күні Полатқосшы а/о-гіне 400 басы әкелінеді.
Қой сатып алу
«Сыбаға» бағдарламасымен уақ мал алу үшін жұмыстар жүргізілуде. Қаракемер ауылдық округіндегі «Кәрібаев» шаруа қожалығы 21,0 млн. теңге несие қаражатына 525 бас қой сатып алды. Ал, Көлқайнар ауылдық округіндегі «Құдайберген» шаруа қожалығы Ресейден 300 бас қой әкелуге құжаттарын дайындауда.Гродеково ауылдық округінен «Акбар» шаруа қожалығы 115 бас «Дорпер» тұқымды қойды өз қаражаты есебінен әкелу жоспарланған.

«Жамбыл облысы тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жобасы» аясындағы Бесағаш ауылдық округі пилоттық жоба бойынша

280 құжат – Жалпы 1млрд 34 млн тг несие берілді.
І-бағыт бойынша – 30,1 млн тг
Оның ішінде – үй іргесі үшін 13,3 млн тг
жылыжай құрлысы үшін 16,8 млн тг
ІІ-бағыт мал алу бойынша – 863 млн тг
ІІІ- бағыт ауыл сыртындағы жерді игеру үшін – 38,8 млн тг
IV – бағыт кооперативке берілген техникалар құны – 100,71 млн тг
V – бағыт кондитерлік цех – 1,86 млн тг

1-бағыт. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану
1176 ауланың 1117 ауласы -155 га қамтылады, (95%)
Оның ішінде:
1-айналымда жалпы 155 га.
1 айналымға жалпы қажет қаражат – 13,3 млн тг. (Тұқымға қажет қаржы – 5,3 млн тг, тыңайтқышқа 5,9 млн тг, пестицидке 0,17 млн тг, жанар-жағармайға 2 млн тг.)
2-айналымда жалпы 67,4 га – қияр 40 га (1055 аула), шалғам (редиска) 5,15 га (478 аула), сәбіз 22,26 га (253 аула).
(1 айналымдағы 40 га қызанақ пен 55,55 га пияз толық мерзімді алады)
5 га қияр егілді.
3 га сәбіз егілді.
2 айналымға жалпы қажет қаражат – 9 424 000 теңге. (Тұқымға қажет қаржы – 6 832 786 теңге тыңайтқышқа 2 408 760 теңге, пестицидке 182 454 теңге)
Жылыжай құрлысы
1. Кадырбаев Сейідхан -11 соттық қияр, егуге11 млн тг. несиеалды.
Темір бағаналар толық тұрғызылған, сыртын пленкамен жабу және ішіне жылу орнату жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айында егеді. Қызанақ және қияр егіледі.
2. Елубай Елжан – 5 соттық қияр егуге5,7 млн тг несие алды.
Құрылыс жұмыстары жүргілізуде.
Одан бөлек Бесағаш ауылы тұрғыны Ғарипуллаев Саяттың 6,5 соттық үй іргесіндегі 4 га картоп және 2,5 га жеріне қызанақ, қияр егілген жеріне тамшылатып суару әдісі құрылғыларымен тегін түрде орнатылды.
Сонымен қатар, Жас кәсіпкер Қалжанов Есеней Қадыржанұлы үй іргесіндегі жерлерін тиімді пайдалану мақсатында 31,5 соттық жерге 450 дана жеміс ағаштарын отырғызды. ( алманың 4 сорты, алмұрттың 2 сорты, шиенің 2 сорты, өрік, қара өрік және шабдалы).

2- бағыт Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану

Жоспар – 276 аула – 4760 мал басы.
Орындалды – 276 аула – 4767 мал басы 100%(ИСЖ тіркеген 274 аула, 862 млн тг)
Мал бағасы :
275 құжат – «Тараз ӘКК» АҚ-на өткізілді (860 млн теңгеге)Оның ішінде:296 сауынды сиыр (124,32 млн. теңге), (1 сиыр бағасы– 350 000 теңге)
622- етті МІҚ мал (186,6 млн. теңге, (1 бұқашыққа -250 000 теңге) 1520 – қой (72,96 млн. теңге), ( 1 саулық қойға – 40 000 теңге) 1817 – жылқы (872,16 млн.теңге), ( 1 жылқы үшін – 400 000 теңге)
905 – тауық (5,42 млн. теңге).( 1 бас құс сатып алуға – 5 000 теңге)

3 – бағыт Тұрғындардың аула сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану
Ауыл сыртындағы жерлерді егу жоспары 1335 га, 100%
313 га арпа – 313 га орылды. Өнімділік 1 га – 17,9 цн. Жалпы түскен өнім – 560 тн
100 га бидай – 100 га орылды. Өнімділік 1 га – 17 цн. Жалпы түскен өнім – 170 тн
200 га дәндік жүгері – 100%
76 га сүрлемдік жүгері – 100%
646 га жоңышқа (өткен жылдағы жоңышқа 536 га) – 2-ші орым. Өнімділік 1 га – 65 цн. Жалпы түскен өнім – 4199 тн
«Іске сәт» АШК ауыл сыртындағы Бесағаш, Түрксіб е/м аумағындағы 117 ш/қ жалпы 7477 га жерін игерді.(оның ішінде 1397,5 суармалы егістік, 277 га суарылмайтын тәлім жер, 204 га шабындық жер, 5597,8 га жайылым жер)
Тұқыммен қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы Ордабасы ауданындаға ТОО «Жебе LTD» және ИП «CASH MONEY» -мен келісім-шарт жасалып, тұқымдар алынды.
Жанар-жағармаймен «Таң» ЖШС-мен 3 тонна ЖЖМ 168 тг келісім-шартқа отырып, күзгі дала жұмыстарына пайдалануда
Жалпы қажет қаражат 38,8 млн., (тұқымға 13,8 млн, тыңайтқышқа 13,9 млн, пестицидке 3,6 млн, жанар-жағармайға 7,4 млн теңге.)

4-бағыт Кооперативтерді жабдықтау немесе құру (техника)
«Іске сәт» АШК Ауыл сыртындағы егістік алқапты тиімді пайдалану үшін 100,71млн., 22 техника алуға сұраныс білдіріп, техникалардың барлығын алып, күзгі дала жұмыстарын жүргізуде. (ору, жер жырту, егістікті дәрілеу). Қазіргі уақытта техникалардың жағдайы жақсы,бір ғана техника жапырақ кескіштің бір құрылғысы сынып қалған.
Бүгінгі күнде техникаларды субцидиялау 50 пайызға көтерілді. Субцидияға құжаттар тапсыру жұмыстары толық бітті.
Кооператив бүгінгі күнде 500 бас канадалық күркетауық балапандарын асырауда. Бүгінгі жағдайы 1,5 айлық. Алдағы уақытта коопертив күркетауық етін өңдейтін құрылғылар алуға жоспарлауда.
Бүгінгі таңда құрамында 110 мүшесі заңды тіркелген, «Тараз» ӘКК-нан несие алған 170 аула иелері мүшелікке өтінім берді, алдағы уақытта заңды «Іске Сәт» АШК-не мүшелікке тіркеледі.

5- бағыт тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге
арналған шағын жобаларын қаржыландыру

      1-аула кондитерлік цехқа 1 860 000 тг несие алды.

Қазіргі уақытта қажетті құрал-жабдықтарды 2 тоңазытқыш, кондитерлік пеш, кондитерлік қоспаны араластырғыш құрылғысын және тот баспайтын нержавикалық үстелін, кондитерлік өнімнің сыртын орағыш пен қоспаны араластырғыш үлкен құрал-жабдықтарын алып қойды. 3 фаздық ток орнату үшін құжаттар жиналды, енді 500 мың тг ток кіргізуге қаражат жинақтауда. Қазіргі уақытта 220 волттық құрылғылармен ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша тәтті бәліштер пісіруде.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close