Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Ардагерлерге құрмет

Жамбыл аудандық полиция бөлімінде абыроймен қызмет атқарған зейнеткерлер «қартайдық, қажыдық» демейді. Тәжірибесі мол ардагер сақшылар бөлімдегі жас мамандарға көрген-білгенін айтып, өнеге беріп отырады. Бай тәжірибесімен бөлісіп, жас буынның шыңдалуына өз үлестерін қосуда. Тіпті, аудандық бөлімге полиция ардагерлері аптасына бір келмесе, көңілдері көншімейді. «Жас келсе – іске. Қарт келсе – асқа» деп емес, ақыл-кеңестерін арқалап, жас буынның жұмысын жандандыруды мақсат тұтқан. Күрделі күрмеуді шешуді іздеген де, бір жерден ағаттық жібергендер де ардагерлерден кеңес сұрайды.
Өткеніңді танымай, баянды болашаққа жете алмайсың. Осы ішкі істер қызметінде жүріп, талай қылмыстың жолын кескен, ел тыныштығы жолында еңбек етіп зейнетке шыққан ардагерлерге құрмет көрсету дағдыға айналған. Айталық, жуырда аудандық полиция бөліміндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұлов 20 жылдан аса ғұмырын ел тыныштығын күзетуге арнаған ішкі істер органдарының зейнеткерлері Нұржан Тоқбергенов пен Болат Исақовқа облыстық полиция департаментің ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдалы Шералиннің Құрмет грамотасын табыстады. Басқосуға келген Сәпілмәлік Тәжиев, Асан Исабеков, Асан Жақыпов сынды полиция қызметінің ардагерлері бұл күнде жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған ізбасарларына қызыға қарап, кейде өздері жүріп өткен ауыр жолды сағынышпен еске алады. Сондай-ақ бейнетті қызметте жүріп, бақилық болған әріптестері де ұмытылмайды.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close