Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жастар тәжірибе алуда

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  №516 бұйрығына сәйкес,  нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының аясында 2020 жылы Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне қоғамдық жұмыскер ретінде алты жұмыссыздар тіркеуінде тұрған азаматтар жұмысқа 6 ай мерзімге уақытша жұмысқа қабылданған. Оның ішінде төрт жұмыскер – 29 жасқа дейінгі жастар.

Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасының аясында 2020 жылы Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына сай, екі жас маман уақытша жұмысқа қабылданып, бөлімде штаттан тыс қызметкерінің орны босауына және жоғары оқу орнын бітірген мамандығы жер қатынастары саласына сәйкес болуына байланысты бір жас маман тұрақты жұмысқа қабылданды.

Атап айтқым келеді, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде тұрақты жұмыскерлердің 40 пайызы – өз кезінде осы жұмыс орнына «Жас-тар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы келіп, тәжірибе алуға келген жастар. Өздерінің біліктілігі мен еңбек және орындаушылық тәртібінің талаптарын сақтап, барлығын адал орындап, өздерін жақсы жағынан көрсеткендері үшін жұмыс орнына қабылданған жастар.

Біржан Башанов, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close