Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Келелі кездесу

Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, көпшілік байланыста көрінеді.

Ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы – түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас өмірдегі татулық, адал достық қатынас, өзара түсіністік пен сыйластық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік бір-бірінің ұлттық мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, мүдделеріне және талғамдарына құрмет, көңіл-күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық болып табылады. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністік пен келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Құқықтық мемлекет құруға негіз қалап этникалық ерекшелікке қарамай, тұрмыстың ортақ жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық, игілік пен ізгілік идеясы біріктірген адамдардың түсіністік қауымдастығын қалыптастыруға қызмет етеді. Яғни құқықтық қоғам орнатуға бет бұрған тәуелсіз мемлекеттің өз тұрғындарына азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, өзара құрмет пен сыйластық, татулық пен ынтымақтастық тілеп, осы бастан өсер ұрпақтың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетінің ұрығын сіңіруге ұмтылысы құптарлық іс.
Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған, әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың.
Бұл жайында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Бейбітшілік пен келісім» қанатқақты жобасы аясында құрылған «Ақпараттық-түсіндіру» тобы мүшелерінің аудандағы этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен өткізген кездесуде кеңінен сөз болды.
Басқосуда топ жетекшісі, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сержан Қуанышов, топ мүшесі, «Жастар-зерттеу» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Фарида Мамедова, Бесағаш ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жетібай Бөрібеков, Шайқорық ауылының тұрғыны Қазанфар Казимов ұлтаралық достық, татулық, өзара келісім, бірлік, елдік туралы салмақты сөз сабақтап, өз ойларын ортаға салды.
Келелі кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов қорытындылады.

Ильяс Қалыбеков.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close