Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Мақсат – халық үніне құлақ асу

Кез келген қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау, есіктен-есікке сенделмей әртүрлі салаға байланысты сұрақтарын тікелей мамандардан сұрап, нақты жауап алу.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында аудандық мемлекеттік архивте «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Шарада аудандық мемлекеттік архиві мен аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары тұрғындарды толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды. Күні бойына жалғасқан ашық есік күнінде 30-ға жуық тұрғын көкейкесті сұрақтарының жауабын алып, өтініш-тілектерін жеткізді. Мекеме басшысы Келсінай Күлекееваның қабылдауында болған тұрғындар негізінен жер меншігі, еңбек өтілі және қаулы сияқты мәселелерді қозғады. Мәселен, Ілияс Ергешов Еңбек ауылындағы үйінің құжаты ауысқанын, соның салдарынан арнайы қаулы жойылып кеткенін айтса, Сембек Ағайдаров заңдастыру шешімін қалай алуға болатынын сұрады. Өз кезегінде мамандар тұрғындардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, барлығы заң аясында шешілуі қажет екендігін жеткізді.
Жалпы, бұл күні тұрғындар тарапынан жазбаша 36 өтініш түсіп, ауызша 50-ден аса сұрақтар қойылды. Осы ретте айта кететін жайт, архивтің негізгі қызметі архивтік анықтамалар, құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру болып табылады.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close