Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда рейд ұйымдастырылып, 49 нысан тексерілді

Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 қазандағы №111 «Тараз қаласында эпидемиологиялық талаптарды сақтау, қызметін бастаған нысандардың (объектілердің) дайындығын бағалауды жүргізу жөніндегі мониторингілеу тобын құру туралы» өкімі бекітілді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың 10-11 қазан күндері Тараз қаласы бойынша күндізгі және түңгі рейдтер ұйымдастырылды. Барлығы – 49 нысан тексерілді.
Күндізгі рейдте 26 нысан (17 мейрамхана, 9 кафе) қаралды.
Түңгі рейдте –23 нысан (9 мейрамхана, 14 кафе) қаралды.
Онда барлығы – 4 хаттама толтырылды («Гранд роял», «Ыдырыс», «Севинч», «Бақ береке»). Қалғандарына ескерту берілді.
Хаттама толтырылған құжаттар жұмыс барысында.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close