Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Көңілге медет болған құжат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын барша қазақстандық ерекше ықыласпен қабылдады. Президент Елбасы тарапынан қабылданған Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформалардың іске асырылу маңыздылығы туралы атап өтті. Бұл құжаттағы басты мақсат – жұмыс орындарын және халықтың табыс көзін сақтап қалу. Мемлекет басшысы осы бағытта 11 міндетті алға қойды.

Соның бірі Жолдауда шағын және орта бизнестің үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін арттыру талабы қойылды. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Квазимемлекеттік секторда әкімшілік-басқару жұмысымен айналысатын қызметкерлердің санын, пайдасыз шығындарды және басы артық еншілес компанияларды қысқарту жұмыстары жалғасын табуға тиіс…» – деген еді. Сол сияқты, ұзақ мерзімге берілетін пайызы төмен несиенің болмауы мен агроөнеркәсіп саласын дамытуға жаңаша көзқараспен қарайтын білікті мамандардың аздығы да отандық ауыл шаруашылығы саласын дамытуға кедергі болып отырғаны Жолдауда ашық айтылған болатын. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы бұл салада әлі де болса шешімін таппай келеді. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек дегенді айта келе, агросаланың адымын ашып, табиғи өнімнің көзіне айналатын шаруашылықтардың қанат қағуына жасалатын жағдайларды тізіп берген болатын.
Ауылдың өмірі, ахуалы бізге жақсы таныс. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларды, реформаларды үнемі қадағалап отыру керек. Себебі, бұл саладағы мәселелер өзектілігімен күн тәртібінен түспейді. Яғни, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұны ауыл шаруашылығымен айналысатын әрбір кәсіп иесі жақсы түсінеді деп есептеймін.
Жолдаудағы тың идеялар мен бастамалар індетпен күрес жағдайындағы еліміздің алдағы уақыттағы жоспарларды жүзеге асыруға кедергі келтірілмейтініне сенімім мол.

Талғат Шынтасов,
аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close