Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханиятӘдебиет

Таразда Бауыржан Үсеновті еске алу кеші өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, сазгер Бауыржан Үсеновтің туғанына 60 жыл толуына орай «Біздің сезім күзде өнген гүл сияқты…» әдеби артбук өтті.

Әдеби артбук форматында өткен еске алу кешінде ақынның замандастары, курстастары, қаламгер әріптестері, жары, бауырлары, ұлы Мұхамедсалық пен бірқатар БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны ақынның жақын досы, замандасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «AQJOL» Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Аманкелді Әбіл жүргізді.
Жал¬ғанның жарығында аз ғұмыр кешсе де, шығармашылығы оқырман жүрегінен ойып орын алған Бауыржан Үсеновтің көзін көрген замандастары, жақын достары, белгілі журналистер Бауыржан Омаров, Аманкелді Әбіл, Шоқан Сыздықұлы, Ғалым Қасабай, Қуаныш Иембердиев, Нұржан Манасұлы, жары Гауһар Тажкенова ақынның тағдырлы туындылары туралы әңгімеледі.
Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханасы онлайн байланыс арқылы ақынның жүректен шыққан жырларын насихаттап, әдеби артбук одан әрі поэзия кешіне ұласты.
Талант иесінің ізбасарлары «AQJOL» Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, «JAMBYL» телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы, «ARAI» жастар газетінің директор-бас редакторы Дәулет Төленді ақынға деген ілтипаттарын білдірді.
Кеш барысында асылдың сынығы, ұлы Мұхамедсалық Үсенов әкесінің шығармаларынан үзінді оқыса, туған бауыры Біржан Үсенов сазгер әндерін әуелете шырқады.
Шығармашылыққа толы іс-шараны ұйымдастырған Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымына кеш қонақтары ыстық лебіздерін білдірді.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close