Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Облыс әкімінің орынбасары Жамбыл ауданына барды

Сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар каналды аралады. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Таң сәріден жолға шыққан Берік Болатбекұлы мен аудан әкімі Сәкен Арубаев Өрнек, Ерназар елді мекеніндегі «Саза», «Айтақ», «Көгөй», «Базарбай», «Шиелі» және Аса, Қарасу округіндегі «Қуат», «Кейкі», «Аманалы» каналдарына барып, қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алған мердігерлік мекеменің басшыларымен әңгімелесіп, су қоймаларының жай-күйін сұрады.
Биыл «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасындағы судың мөлшері аз болғандықтан каналдарды ретке келтіру, үнемді технологияларды пайдалану үшін қажетті жабдықтар алынып, ретімен орналастырылып жатыр. Дегенмен халық қажетіне берілетін су шаруашылығындағы нысандардың кейбірі аяқталу мерзімінен қалыс қалып жатса, енді бірі сызбанұсқадан ауытқып кеткені анықталды. Барлық мәселеден хабардар екенін жеткізген облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашев аудан шаруаларын егінсумен қамтамасыз ету үшін қолға алынған жобаларға қайта өзгеріс еңгізу қажеттігін баса айтып, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеді.
Мұнан соң Берік Болатбекұлы «Қызылдихан» өндірістік коперативінің 100 гектар қызылша мен пияз алқабынандағы қызу қарбаласқа риза көңіл танытты. Дихандармен жүздесіп, бал тамырдың түп байлауы жоғары екенін атап өтті.
Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапары барысында «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы «Казсушар» Жамбыл филиалы Аса өндірістік бөлімшесінің басшысы Есенбек Қалдыбеков және аталған округтердің әкімдері бірге жүрді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close