Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Айтқазы Қарабалаев: Тойға барған мемлекеттік қызметкер жазаланады

Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев сұқбат берді. Шаһар басшысы мониторингтік топ жүргізетін рейд барысында мемлекеттік қызметкерлердің тойда жүргені анықталатын болса, тиісті шара қолданылатынын жеткізді.

«Егер тойдың иесі немесе тойға шақырылған қонақтардың ішінде мемлекеттік мекеменің қызметкерлері болатын болса, біз өз тарапымыздан шара қолдануға ұсыныс беретін боламыз», – деді А.Қарабалев.

Егер ол қалалық әкімдіктің қызметкері болса, жұмыстан босатылуы мүмкін екенін ескерткен қала басшысы басқа мемлекеттік мекеменің қызметкері анықталса тиісті басқармаға немесе департаментке шара қолдану бойынша ұсыныс хат жолданатынын айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close