Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Ел ұсынысы ескерусіз қалмайды

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы  №190 Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 27 қаңтар – 5 ақпан аралығында қала әкімі 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында есепті кездесулерін өткізді.

Қаланың 11 аумақтық округтерінде өткізілген есепті кездесулерге барлығы 2840 адам қатысты. Есепті кездесулер барысында Тараз қаласының тұрғындары тарапынан 66 ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Көтерілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында қала әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы №419 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, 14 сұрақ бақылауға алынды.

Бүгінгі күнге 7 мәселе орындалды, ал қалған мәселелерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мейірхан Аманғали,

Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close