Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес

Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының орындау мақсатында  және қалада қылмысқа қарсы күрес пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қалалық комиссия жоспарлы түрде бір қатар жұмыстар атқарылды. Жыл басынан комиссияның 3 отырысы өтіп, қалада қылмысты болдырмауға және алдын алуға  бағытталған жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда:

Қала аумағында 28 билборд илініп, БАҚ беттерінде 19 мақала жарық көрген.

2020 жылдың 13 мамыр күні «Қауіпсіз қала» акциясы аясында «Қазақстан студенттерінің Альянсы», «Темірқазық» және «Сұңқар» волонтерлар қозғалыстарының 70 еріктілері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимінің сақталуын қадағалау, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау бойынша қала тұрғындары арасында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Бұдан бөлек, карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған мобилдік топ рейдтік жұмыстар барысында бүгін індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантиндік шектеулерді бұзған үшін  хаттама толтырылып, салынған айыппұлдар салынып және жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. 

Тараз қаласы әкімідігінің тарапынан қаладағы құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында  Тараз қаласы полиция басқармасының ұсынысына сәйкес, Қызылорда облысының үлгісі ретінде және қылмыстың алдын алу мақсатында 7 модульдік полиция тірек пунктерін орнатуға қалалық бюджеттен 21,0 млн. теңге («Арай» тұрғын алқабы 5-ші үйдің арты, «Бұрыл» тұрғын алқабы № 54 мектептің маңы, «Мичуринец» саяжайы Новая көшесі, Ауыл береке базарының арты «Жігер» саяжайы, «Құмшағал» алқабы №19 орта мектептің маңы, Шалғай Қарасу алқабы Есенина көшесі және 15-ші мөлтек аудан) қаражат бөлінген.

Осы сияқты, Тараз қаласы әкімдігі Тараз құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алдын алу және мақсатында 2020 жылда қылмысқа қарсы тұрып, қоғамдық тәртіпті сақтауға мүмкіндік берген тиімді іс-шаралар жүргізілді.

Қала аумағында өзекті мәселелерді шешу мақсатында қала тұрғындарымен  «Құқықтық қорғау», «Пәтер», «Жас өспірім», «Іздестіру», «Есеп», «Қару», «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және оның алдын алу»,  «Учаске»,  «Отбасы», «Ана мен баланы қорғау», «Жолда қабылдау», «Аулада қабылдау», «Отбасы – қоғамның негізі», «Бақытты отбасының құпиясы», «Бейбітшілік пен келісім» – атты жедел-алдын алу кешенді іс-шараларда өткізілген.

Сонымен қатар, Тараз қаласында сыртқы бақылаудың 206 бейнебақылау камерасы орнатылған, олар автожол қиылыстарын, қоғамдық жерлерді, оқу орындары және керек десеңіз түзету мекемелерін қамтыған, қиылыстарда – 109,  қоғамдық жерлерде – 62, оқу орындарында – 13, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы  бойынша – 19 және УЖД түзету мекемелерінде – 3 бейнекамералар орналыстырылған.

Алдын алу сипатындағы қабылданған  шаралармен біз жалпы қылмыстардың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 40,4% (3982-ден 2375 -ге) төмендеп отыр.

Аптап өту қажет, жастар ресурстық орталығының 2020 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, мақсатында барлығы 25 іс-шара бекітілді.

Бүгінгі таңда оның 15-і ұйымдастырылып, қамтылғандар саны 1 000-ға жуық жасты құрады.

2020 жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу туралы   1 ролик әзірленіп, «JAMBYL» және «77 ТВ» телеарналарында,  Тараз қаласының әлеуметтік желідегі арнайы парақшаларында (инстаграм-@akimat.taraz, facebook-Акимат города Тараз/@akimatTaraz) жариялануда.

Қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұйымдастырылған кездесу туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұйымдастырылған кездесу туралы» мақалалар жарияланды.

Аталған бағытта қаланың орталық көшелерінде 6х3 өлшемді 6 баннер орнатылған.

Оқушылардың әлеуметтік ахуалын көтеруге және психологиялық көмек көрсету бағытында, қала мектептерінде 123 педагог-психолог жұмыс атқарады.

2019-2020 оқу жылында 123 психологтың 25-і қайта біліктілігін арттыру курсынан өтсе, жаңа оқу жылында 20 маман қайта даярланады деп күтілуде. Курстардың жарамдылық мерзімдері 3-4 жыл.

Балаларды тәуекел топқа тіркеу бойынша мектеп психологтары тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы бұл санатта бірде-бір оқушы жоқ. Ал, 2019 жылы 2 (№№38,50 ОМ) оқушы тұрған. Жайсыз 54 отбасында 103 бала тәрбиеленуде. Барлығына арнайы құжат папка жинақталып, жұмыс жүргізетін жоспар әзірленген.

Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғылмаушылық және суицид мәселелері бойынша нақты әдістемелік нұсқаулықтар әзірленген. Барлық ақпараттар мектептердің ата-аналар назарына дайындалған стендте орналастырылған және әлеуметтік желіге жарияланған.

Рейдтік іс шаралары қала бойынша тұрақты  ұйымдастырылуда.  Ағымдағы жылдың 11-13 маусымы аралығында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Нәтижесінде көңіл-көтеру мекемелері тексеріліп, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған кәмелетке толмағандар анықталып, ата-аналарына және осы мекеменің иелеріне әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 48 әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған іс шара интернет желісіндегі Facebook-тегі «Бала құқығы – Тараз» парақшасында жарияланды. Сонымен қатар Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан щеңберінде атқарылған жұмыстар 16 маусым 2020 жылы «Знамя труда» газетінің №67 (18818) басылымында және 17 маусым 2020 жылы «Жамбыл-Тараз» қалалық қоғамдық – саяси газетінің №24 (1574) басылымдарында жарық көрді.

12-16 тамыз күндері прокуратура, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген күндізгі рейд нәтижесі бойынша 3 нысанда 16 кәмелет жасқа толмағандар заңсыз (еңбек шартын жасаспай) жұмыс істеп жатқандығы анықталды.Аталған заң бұзушылықтар бойынша 13 нысанға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кәсіпкерлермен заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бұндай кемшіліктерге жол бермеуі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс шара қалалық әкімдіктің Инстаграммдағы «Akimat.taraz», Facebook-тегі «Бала құқығы – Тараз»  парақшасында жарияланды.

Пробация қызметінде тіркелгендердің жалпы 52 азамат оқу және жұмысқа орналасқан  оның ішінде: 8-і қысқа мерзімді кәсіптік 3-айлық оқуға жолданған, 12-і орталық арқылы жұмысқа орналасқан, 32-і өздігімен жұмыспен  қамтылған, 16 тұлға бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар, қаладағы жедел жағдайды жақсарту үшін біз қажетті шаралар қолданудамыз, қылмысқа қарсы күресте жұмыстың жаңа әдістері әзірленуде, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті тиімді сақтау жөнінде ұсыныстар енгізуде.

Бүгінгі таңда Тараз қаласының аумағында шерулер, пикеттер және рұқсат етілмеген митингілер тіркелген жоқ, қаладағы қоғамдық-саяси және криминогендік жағдай тұрақты, бұл әрине, қаланың дамуына және ішкі қауіпсіздікке оң әсерін тигізеді. Бұл жұмыстар өз деңгейінде жүргізіледі.

Гүлшат Айтбаева, Құқық қорғау органдарымен

жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close