Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданының әкімі тұрғындардың сауалына жауап берді

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев «Әкім сағаты» жобасы аясында бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы ауданның әлеуметтік facebook желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир өткізіп, тұрғындардың сауалына жауап берді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауданның спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – аудан тұрғындарының дені сау ұлт болып қалыптасуын қамтамасыз етуге және дамытуға негіз болатын бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Мемлекет басшысының елімізде бұқаралық спортпен айналысушылар қатарын 2020 жылға дейін 30% пайызға жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауданда бірқатар жұмыс атқарылуда.
Жалпы аудан спортын өркендету бойынша екі нысаналы индикатор белгіленген.
Соның бірі «Жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың санын арттыру», екінші индикатор «7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде және дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту» көрсеткіштері белгіленген.
2020 жылдың қаңтар – қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың қатары 31,7 % пайызға немесе 26 мың 485 адамға жетіп отыр. (Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда (24 мың 085 адам) 1,7 % пайызға немесе 2400 адамға артты). Жыл қорытындысымен дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың санының пайызын 32,0 %-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда спорт нысандардың жалпы саны 161-ді құрап отыр.
Олардың қатарында 1 стадион, 1 спорт кешені,1 иппадром, 33 спорт залы, 95 спорт алаңшалары, 29 фудбол алаңы 1 икемделген спорт зал бар.
Жалпы 2020 жылы аудандық аймақта 4 спорт нысаны салу белгілен. Атап айқанда (3 кіші футбол Бесағаш, Қөңыртөбе, Гродеково ауылдарында және 1 стритворкаут алаңшасы Аса ауылында). Қазіргі таңда, аталған спорт алаңшалардың құрылысы толық аяқталып, жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетуде. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Бесжылдық ауылындағы футбол алаңы күрделі жөндеуден өткізілді. Ал 2021 жылы дәл осы бағдарлама аясында Аса ауылында 2 алаңша, Ақбұлым, Тоғызтарау, Түрксіб, Айшабибі және Қаракемер ауылдарында құны 12710 млн теңгені құрайтын әмбебап спорт алаңшаларын салыну жоспарланып отыр.
Жамбыл ауданының елді мекендерінде әлеуметтік инженерлік- инфрақұрылымды дамыту бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 8 спорт нысанын салу жоспарланған , Атап айтқанда
– Аса ауылы 2020 жыл (507 млн ,теңге)
– Айша бибі ауылы 2021 жыл (140 млн,теңге)
– Бесағаш ауылы 2021 жыл (140 млн,теңге)
– Жалпақтөбе ауылы 2022 жыл (250 млн, теңге)
– Қала маңы 2022 жыл ( 250 млн, теңге)
– Гродикова ауылы 2022 жыл ( 250 млн , теңге)
– Шайқорық ауылы 2023 жыл (140 млн, теңге)
– Өрнек ауылы 2024 жыл (140 млн, теңге)
– Тастөбе ауылы 2025 жыл (140 млн,теңге)
Соның бірі, дене шынықтыру мен спорттың дамуына жағдай жасау мақсатында Жамбыл ауданы Аса ауылындағы 320 шұғылданушыға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы 2019 жылдың тамыз айынан басталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары мерзімге сай жүргізіліп жатыр (жалпы құны – 507204779,76 теңге). Нысан 2020 жылдың қараша айында толықтай халықтың пайдалануына беріледі деп күтілуде.
Бүгінгі күнге тұрғындардың, оның ішінде, жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарына қолжетімділігін арттыруда 161 спорт нысаны анықталды.
Бүгінгі таңда аудан көлемінде 2 спорт мекемелері жұмыс атқарып келеді. Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1116 бала спорттың 14 түрімен шұғылданады, бұл балалармен 33 жаттықтырушы-оқытушы спорттың қазақ күресі, дзю-до, самбо, еркін күрес, бокс, жартасқа өрмелеу, баскетбол, таэквондо, кикбоксинг, грек-рим күресі, құсбегілік, волейбол және футболмен жұмыс жасайды.
Түрксіб ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 585 бала спорттың 6 түрінен жаттығады, бұл балалармен 15 жаттықтырушы-оқытушы бокс, дзю-до, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, кикбоксинг, еркін күрес, жұмыс атқарады.

Жалпы аудан бойынша балалар жасөспірімдер спорт мектептері мен аула және спорт клубтарында 7-ден 18 жасқа дейінгі спортпен шұғылдану көрсеткіші 12,8% пайызды немесе 1 мың 878 баланы құрады. (оның ішінде БЖСМ-де 1754 бала, аула клубында 124 бала).
Аудан көлемінде бұқаралық спортты дамытуға аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спрот бөліміне жергілікті бюджеттен 2020 жылы жалпы, 4505,0 м.т бөлінді, оның ішінде:
-Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға-1700,0 мың теңге;
-Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге-1080,0 мың теңге;
-Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы үшін-1725,0 мың теңге бөлінді.
Аса ауылындағы БЖСМ 2020 жылға бөлінген қаржылар барлығы 20 млн. 493 мың 300 теңге:

  • дәрі-дәрмекке және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға 100 мың теңге.
  • өзге де спорт құралдарына 2 млн. 494 мың теңге;
  • спорттық жабдықтарға 1 млн. 970 мың теңге;
    -Іс сапар шығындарына 15 млн. 424 мың 300 теңге бөлінген.
    Түрксіб ауылындағы БЖСМ 2019 жылға бөлінген қаржылар барлығы 13 млн. 237 мың теңге:-Дәрі-дәрмекке және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға 106,0 теңге.- өзге де спорт құралдарына 2 млн. 630 мың теңге;-Іс сапар шығындарына 10 млн. 501 мың теңге бөлінген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close