Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Айшабибіліктер асарлатып үй салуда

Айшабибіліктердің ұйымшылдығын ауылдағы мұқтаж отбасына баспана салу туралы ауыл ақсақалдарынан қолқа салынғанда байқағанбыз.

Үлкенді-кішілі азаматтар, көрші-қошыналар, қолы ашық, жаны жомарт кәсіпкерлер баспана салынып басталды деген хабарды естіген бойда игі істің қасынан табыла кетті.
Әркім мүмкіндігінше қолғабыс етуде. Бірі құрылыс заттарымен қамтамасыз етсе, қолының ебі бар қайырымды азаматтар ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарына білек сыбана кіріскен. Енді бірі инфрақұрылымдық жүйелерді мойнына алып, тонның ішкі бауындай ұйымдасып жұмыс жасап жатыр.
Бүгінде баспанамен сүйіншіленетін азаматта осы игілікті істің басы-қасында жүр.
Одан қалса аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Тешебайұлы бастаған ауданның былғары доп командаларының ойыншылары демалыс күндері Айшабибі ауылынан төбе көрсетіп, көпке үлгі боларлық іс атқаруда.
Қазіргі таңда тұрғын үйдің есік-терезелері орнатылып, сыртқы-ішкі әрлеу жұмыстары белең алды.
Тұрғындардың айтуынша, ауыл әкімі Райымбей Сейітов те қажетті техникамен көмек беретін көрінеді.
Қайырлы іс көп ұзамай тиянағын тапса, үйдің ішінен баланың күлкісі естілгенін ауыл болып тағатсыздана күтіп жүрміз, – дейді Райымбек Сияқұлұлы бізбен әңгімесінде.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close