Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сақтық шаралары – басты назарда

Апта аралығында аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев бастаған жұмысшы топ Айшабибі ауылдық округіндегі сауда нысандарына рейд жүргізді. Кәсіпкерлік нысан иелеріне жолығып, қазіргі ахуалға тоқталып, мән жайды қараша халыққа жете түсіндірді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Мемлекетімізде ел азаматтарына сақтық шараларын қатаң сақтау міндеттеліп отыр. Бұл дертпен күресу, оны жеңу бәрімізге ортақ міндет, ортақ іс болып тұр. Сондықтан да сақтық шараларын сақтау қажет. Келушілерді бетпердесіз кіргізбеу керек. Карантин талаптарын орындамаған, сақтық шараларын сақтамаған, тәртіпке бағынбаған адамдарға, нысан иелеріне айыппұл салынады, – деген Олжас Елебекұлы келушілерге де бетпердемен жүру керектігін ескертті.
Рейд барысында топ мүшелері «Бахыт» супермаркетінде және бірқатар дәмханада анықталған кемшіліктер бойынша жауаптыларға ескерту жасап, тұрғындардан түсініктеме алды. Жалпы, сауда нысандарында тазалық сақталмағаны, қорғаныш заттарының жоқтығы мен келушілердің кейбіреуі бетпердесіз жүргені анықталды.
Елімізде карантин талаптары қатаңдатылып, сақтық шаралары күшейтіліп жатқанда, біз өз тарапымыздан қазіргі жағдайға түсіністікпен қарағанымыз жөн. Бұл індет ешкімді де аямайды. Сақтансақ – сақтайды. Өзімізге де, өзгеге де зиянымыз тиіп кетпесін десек, санитарлық-гигиеналық талаптарға атүсті қарамайық. Тәртіпке бағынып, сақтық шараларын сақтап, карантин талаптарын орындайық. Күнделікті бетпердемен жүрейік. Бәрі де өзіміз үшін.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close