Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында «Әкім сағаты» 15 рет өткізілді

Жамбыл ауданында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде қолға алынған «Әкім сағаты» жобасы 15 мәрте өткізілді.

Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасамасын жүзеге асыру, халықтың талап-тілегін ескеру, тұрғындардың сауалына жедел әрі нақты жауап беру қажеттігін алға тартқан еді.
Осы орайда Жамбыл ауданының әлеуметтік желідегі FACEBOOK парақшасында «Әкім сағаты» жобасы тікелей эфирде өткізіліп келеді.
Бүгін 15-ші эфирде Сәкен Қаланұлы ауданда эфидемилогиялық жағдайға тоқталып, «Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы және күзгі санитарлық тазалық жұмыстарының орындалуы» тақырыбында сөз сабақтап, қараша халықтың сауалына толымды жауап қайтарды.

Тақырып аясындағы мәліметке тоқталар болсақ, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу және өткеру үшін ағымдағы жылдың 28 сәуіріндегі №189 қаулыға сәйкес іс-шаралар жоспары бекітіліп, күзгі–қысқы маусымда апатсыз, қалыпты жұмыс жүргізу мақсатында, дайындық жұмыстарын үйлестіру және бақылауда ұстау үшін аудандық штаб құрылған.
Аудан көлемінде жылу беру маусымына жергілікті бюджеттен 268,2 млн. теңге қарастырылған.
Ақпарат үшін толықтырсақ: табиғи ғазға – 13,9 млн. тг., көмірге – 46,0 млн. тг., электр энергиясына – 44,2 млн. тг. және орталықтандырылған жылу жүйесіне 164,1 млн. тг.

Жалпы аудан аумағында күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыратын, бюджет есебінен қаржыландырылатын 148 әлеуметтік нысандары бар. Оның ішінде табиғи газбен – 78 (52,7%), көмір отынымен – 70 (47,3%) қамтылды.
Әлеуметтік нысандарына ағымдағы жылы 52,9 млн теңгеге 2789 тонна қатты отын сатып алу жоспарланып, бүгінгі күнге қатты отынмен 100% қамтамасыз етілген.
Осыған қоса, ауданның жалпы тұрғындарына шамамен 11 000 тонна көмір қажеттілігі анықталып, бүгінгі күнге тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аудан тұрғындарына 100 пайыз қатты отын тасымалданды.
Бүгінгі күнге, коммуналдық қызметтерге дебиторлық берешектер жоқ.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қазанында №304-ө өкімінің негізінде ауданымыздағы барлық нысандарға 15.10.2020 жылдан бастап (әлеуметтік нысандарға ауа-райының өзгеруіне және сыртқы температураның төмендеуіне байланысты 01.10.2020 жылдан бастап) жылу берілген және аяқталу мерзіміне дейін штаб төрағасының және штаб мүшелерінің қатаң бақылауда болады.

Білім беру саласы бойынша:
Білім беру саласында 63 мекеменің 37-не газбен, 26-на көмір отынымен жылу беріледі. Білім беру мекемелерін көмір отынымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 46,0 млн.теңге қарастырылып, 2 420 тонна қатты отынмен қамтамасыз етілді.
Ақпарат үшін: А.ж. 21 сәуірінде жасалған №1 келісім-шартқа сәйкес «Energy-Taraz» ЖК мердігер мекемесі қатты отынды үстіміздегі жылдың 10 тамызынан бастап 20 қыркүйегіне дейін тасымалдауы бекітілген (келісім-шарт бойынша 1 тонна көмірдің құны – 18 990 тг).

Мәдениет саласы бойынша:
Мәдениет саласы бойынша күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық жүргізуді қажет ететін 48 мәдени нысандары бар. Оның ішінде аудандық мәдениет үйі, 29 – кітапхана және 18 ауылдық клубтар. Мәдени ошақтарының 18 – газбен, 30 көмір отынымен жылытылады. 3 млн 591 мың теңгеге 189 тонна қатты отынмен қамтамасыз етілді.
Ақпарат үшін: А.ж. тамыз айында мемлекеттік сатып алу тәсілімен «В.А.Ғ Group» ЖШС, «GULNURBAL» ЖК және «Ынтымақ» ЖК мердігер мекемелері анықталып, бүгінгі күнге толық 189 тонна қатты отыны тасымалданды. Табиғи газбен қамтамасыз етуге 5,1 млн. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:
Денсаулық сақтау саласында 36 медициналық мекеменің 20-на газбен, 16 қатты отынмен жылу беріледі. Қатты отынмен жылу берілетін нысандар үшін облыстық бюджеттен 3,3 млн.теңгеге 180 тонна көмір отынымен толық қамтамасыз етілді.
Ақпарат үшін: А.ж. 16 маусымындағы «ABI Group» ЖШС мердігер мекемесімен №149 келісім-шартқа сәйкес көмір отынымен толық қамтамасыз етілді.

Жалпы аудан көлемінде әлеуметтік нысандарға жылу беретін 39 қазандықтың 22 қазандығы «Жамбыл-Жылу» мекемесінің теңгерімінде.
Ақпарат үшін: Олардың жылу өндіру қуаттылығы сағатына 0,2–0,6 Гекакалория аралығында. Қазандықтарда негізінен НР-18, Мина, КВ маркалы пештері орнатылған. Бір тәулікте пайдаланатын отын көлемі орта есеппен: газ 300 м3, көмір 1,5 тонна.

Күзгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарының барысы туралы
Ағымдағы жылғы 25 тамыздағы №420 «Күзгі тазалық жұмыстары туралы» қаулыға сәйкес аудан аумағында күзгі тазалық жұмыстарын үйлестіру бойынша штаб мүшелері бекітіліп, 2020 жылы күзгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген.
Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың қыркүйек және қазан айлары тазалықтың екі айы болып бекітіліп, жергілікті ақпарат құралдарында және газет бетінде жарияланды.
Бүгінгі күнге дейін, жалпы аудан аумағында тиісті деңгейде 6 санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылып (Мемлекеттік, коммуналдық мекемелер, АҚ, ЖК, жалпы аудан тұрғындары және т.б. мекемелер тартылған), 5950 азамат, 103 техника қатысып, 153 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, ауданымыздағы өсіп тұрған талдарды әктеуге 11 тонна әк жұмсалды.
Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында өткізілген сенбіліктер барысында аудан әкімдігінің бөлімдері, коммуналдық мекемелер және ұйымдар Аса–Тараз бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойындағы талдардың қураған бұтақтарын бұтау, түбін әктеу, қураған шөптерін шалу және т.б. артүрлі негіздегі қоқыстардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.
Ал, ауданымыздағы 17 ауылдық округ әкімдері ауыл тұрғындарымен бірге өз аумақтарындағы тиісті мекемелердің, саябақ, сквер, ескерткіштердің айналасын, ауыл ішілік көшелердің бойын, арық атыздарын, көпір астыларын, каналдарды және т.б. тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған сенбіліктерді хабарлау, аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны аялауға, ластамауға, қоғамдық жұмысқа шақыруға байланысты түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, сонымен қатар, хабарландырулар және атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар жергілікті ақпарат құралдарында жариялануда.
Ақпарат үшін: Күзгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстары туралы №420 қаулы Шұғыла-Радуга газетінде 02.09.2020 жылы №69-70 жарияланған. Сенбілік туралы ақпараттар аудандық facebook, Шаңырақ-Инфо парақшаларында және Шұғыла-Радуга газетінде 09.09.2020 жылы №72, 16.09.2020 ж. №74 (5998), 23.09.2020 ж. №76 (6000), 10.10.2020 ж. №81 (6005) жарияланған.

Жоғарыда аталған қаулының негізінде санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру тұрақты бақылауда және аудан көлемінде алдағы уақыттада тиісті деңгейде ұйымдастырылатын болады.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close