Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Каналдар қалпына келтірілуде

Қазіргі уақытта аудан көлемінде суландыру жүйесін қалпына келтіру бағытында ауқымды істер қолға алынып отыр. Аграрлық сала үшін суармалы жерлердің қосымша алаңдарын енгізуге септігін тигізетіндігі белгілі. Осы мақсатта Ботамойнақ ауылдық округінде де бірқатар каналдар қайтадан қалпына келтірілуде.

Ботамойнақ ауылдық округі аумағынан өтетін «Төрегелді» каналының ұзындығы 17 шақырымды құрайды. Канал ауылдық округтегі қазіргі Байзақ, Ботамойнақ елді мекендерінің жоғарғы бөлігі, Қазақстан Темір жолы мен «Алматы – Ташкент» автомагистралінің астынан өткен немесе қазылған. Канал ауылдық округті суландырып, егіншілікпен айналысу үшін Күнбасұлы Мәмбет батырдың ұйымдастыруымен шамамен XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында қазылып, Мәмбет батырдың ұлы Төрегелдінің атымен аталған.
«Төрегелді» каналы кешегі Кеңес дәуірінің 1980 жылдарына дейін пайдалануда болып, елді мекендер мен ұжымды ағын сумен толық қамтамасыз етіп отырса, бүгінде ауылдық округ «Базарбай» каналының басында отырса да каналға ағын су мамыр айының 10-15-іне дейін түспейді. Сондықтан, елді мекенді суландыру бағытында төрт бірдей каналға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Жамбыл ауданы «Талас-Аса» КМ СШК-ы жалпы сомасы 10 миллион 140 мың теңгеге 1980 жылдары пайдаланудан шыққан «Төрегелді» каналына, «КАНСУЛком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 39 миллион 520 мың теңгеге «Р-11-1» су коммуналдық шаруашылығының каналына, «L-Вита Темп Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 31 миллион 155 мың теңгеге «Водопой» су коммуналдық шаруашылығының каналына, «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 51 миллион 737 мың теңгеге «Р-11-2» су коммуналдық шаруашылығының каналына ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқаруда.
Мысал ретінде алар болсақ, бір ғана «Төрегелді» каналының тұрғындарға тигізетін пайдасы зор. Біріншіден – ауылдық округ бойынша тұрғындардың басым көпшілігі бұрындары «Төрегелді» каналы пайдалануда болған кезде егіндікпен айналысып, ерте көктемде (ақпан, наурыз айларында) целлофан астында көкөніс егіп, тұрмыс жағдайын көтеріп алатын. Екіншіден – «Төрегелді» каналы тұрғындарды селден қорғаса, үшіншіден – ауылда ауыз су жүргізілмеген, тұрғындар қолдан қазылған шахталы құдықтардан су ішеді. Қыс мезгілінде ауылдағы құдықтардың жоғарыдан түсетін су қоры болмағандықтан (әсіресе, Ботамойнақ елді мекенінде) сулары тартылып, ауыз сумен мал суғаруға су табылмай қалады. Сол үшін «Төрегелді» каналында су тұрақты түрде болып тұрса, ауылдағы құдықтардың сулары тартылмас еді. Төртіншіден – жер асты сулары көтеріліп, егіндік алқаптарды қамыс басуына тосқауыл болады.
Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық округте 11 жоба тікелей ауыл әкімшілігі арқылы атқарылып отыр. Байзақ ауылының бірқатар көшелері тозығы жетіп, талай жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет етіп келеді. Атап айтар болсақ, Байзақ ауылының орталығындағы көшелерге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұрынғы тас жолдардың орнына жаңа жол салынуда.
Жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша «Бірлік сервис компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 93 миллион 989 мың теңгеге Байзақ ауылының «Жамбыл» көшесіндегі 4 шақырым жолды жаяу жүргіншілер жолымен қоса орта жөндеуден өткізіп, пайдалануға берді. Сондай-ақ, аталмыш мердігер серіктестіктің атқаруымен 82 миллион 587 мың теңгеге Байзақ ауылындағы «Ж.Аймауытов» көшесін 2 бұрылысымен 4 шақырымға жуық жолды жаяу жүргіншілер жолымен қоса орта жөндеуден өткізіп, пайдалануға берді. Ал, «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны 23 миллион 858 мың теңгеге Байзақ ауылының «С. Байдешова» көшесіндегі 1 шақырым жолды жаяу жүргіншілер жолымен қоса орта жөндеуден өткізді.
Ауыл көшелерін жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Нәтижесінде, «ГИДРОГЕОЛОГИЯ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 12 миллион 282 мың теңгеге Байзақ ауылындағы «Жамбыл», «Ж.Аймауытов» көшелері және «Ж.Аймауытов» бұрылысындағы трансформаторларды, «Самұрық – 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 11 миллион 328 мың теңгеге Байзақ ауылының «Рүстемов» көшесінің көше жарығын, «ЭНЕРДЖИ-ТАРАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 миллион 082 мың теңгеге Үшбұлақ стансасындағы «Жолмахан Жылқыбайұлы» көшесінің көше жарығын, аталмыш мердігер компанияның атқаруымен 18 миллион 536 мың теңгеге Байзақ ауылының «Ә.Дөненбаев», «Ш.Уәлиханов» көшелерінің жарығын электрмен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жөндеуден өткізді.
«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында, ауылдық округтегі 1972 жылы пайдалануға берілген Сыдық Абланов атындағы орта мектепке «Тараз – Ісмер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны 125 миллион 558 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап, аяқтауда.
Дене шынықтыру – мәдениеттің құрамдас бөлігі, адамның дене тәрбиесі, интеллектуалдық қабілеттерін және дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Биылғы жылы ауылымызда дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы 2020 жылдың 25 мамырынан бастап жүргізілуде. Осы мемлекеттік бағдарлама аясында, ауылдық округ аумағындағы «Р. Рүстемов» көшесі, №80 «б» мекен-жайдан жалпы көлемі 0,20 гектар жер телімі бөлініп, дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысын «Сұңқар-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 317 миллион 848 мың теңгеге жүргізіп жатыр.
Бұл нысандарда спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға болады. Атап айтатын болсақ, баскетбол, волейбол, күрес, футбол, жаттығу залдары қарастырылған.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Тараз Строй-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мерзімі 2 жыл) 887 миллион теңгеге су қабылдау имараттары мен су тарату жүйелерінің құрылысын жүргізуді қолға алуда.
Ботамойнақ ауылдық округінде де «Асарлатып үй салу» жобасына арналған алгоритмге сәйкес жұмыстар атқарылуда. Осы алгоритм бойынша ауыл әкімінің шешімімен Байзақ ауылы, «Рысбек Бегалиев» көшесі №25 үйдің тұрғыны, жағдайы төмен отбасы және 3-ші топ мүгедегі, зейнеткер Орынбек Таубалдиевтің үйі таңдалып алынды. Үйі толық бітпеген, шағын 4 бөлмеден тұрады. Үйдің төбесі, еденін жөндеу, жылыту құбырын жасау, табиғи газға қосу, есік – терезелерін салу жұмыстары демеушілер қаражаты есебінен жасалуда.
Жұмыс күші қосымша ерікті жастарды қамту арқылы ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге қосымша құрылыстары жүргізілген бөлмелерге сылақ жұмыстары жүргізіліп, цемент сүзгісі құйылып, бөлмелердің еденіне жылыту құбырлары орналастырылуда. Ауылдық округтегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларға негізделген жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Еркін ЗАУРБЕКОВ,
Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі.

Байзақ ауданы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close