Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2020 жылдың ІІІ тоқсанында Тараз қаласы әкімдігіне 24885 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 22870 өтініш, заңды тұлғалардан 2015 өтініш.

Түскен өтініштердің ішінде 2497 өтініш қанағаттандырылған, 1173 өтініш қанағаттандырудан бас тартылған, 21157 өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілсе,  58 өтініш қараудан қысқартылған.

Қала әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы 639 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қала әкімінің аппаратына тікелей жазбаша өтініш жасаған өтініш берушілерге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген   7449 талон бар.

Есепті мерзім ішінде сенім телефоны арқылы 18 өтініш түсіп, барлығына түсініктемелер берілген.

Дәурен Әбдіқасымов,

Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close